Төңкеріс — Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Долин ауылдық округі құрамындағы ауыл. 2013 жылға дейін Төңкеріс ауылдық округінің орталығы болды.Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Географиялық орны Аудан орталығы – Теректі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде, Жайықтың сол жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 951 адам (468 ер адам және 483 әйел адам) болса, 2009 жылы 684 адамды (343 ер адам және 341 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 431 адамды (230 ер адам және 201 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1957-1997 жылдары “Долинский” астық кеңшарының орталығы болған. Оның негізінде 1996 жылдан Төңкерісте және округке қарасты Алебастр, Қоныссай, Шөптікөл ауылдарында 2 серіктестік пен 12 шаруа қожалығы жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Дереккөздер

Санат:Теректі ауданы елді мекендері