Герей, Гирей, Керей, Кирей, Гирай – Қырым хандығы хандарының есімдеріне қосарланып айтылған лауазым атауы. Герей лауазымының пайда болуы бірнеше жорамал бар: Көне түркі тілінде «герей» сөзінің «лайықты» деген мағынасы болған. Осман түріктерінде бұл сөздің «әйгілі» , «құқылы» деген мағыналары болыпты (Ахмед Вефик пашаның «Паһжам – и ғұсмания» сөздігі) . Герей лауазымы кезінде Қырым хандығында болашақ ханның тәрбиешісі керей тайпасынан таңдалып алынып отырғанына байланысты пайда болған деген де жорамал бар. Санат: Түрік қағандары