ІХ – XX ғ.ғ. бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі:Білім беру екі діни және зайырлы бағытта жүргізілді. Мектеп, медреселерде қазақ жастарының білім алуына мейлінше қарсылық жасауы патша үкіметінің Орта Азия мен Қазақстанда ісләм дінінің таралуына қарсылығының бір көрінісі еді. Орынбор губернаторы Крыжановскийдің 1867 жылы «Ресейдің Шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» да ісләмдік мектептерге шек қоюға бағытталған арнайы әкімшілік тықсыру болатын. Ұзақ жылдар бойы қазақ халқының сауаттылығы екі пайыз болды деп келді, мұнда тек Ресейге қосылғаннан кейінгі орыс және орыс-қазақ мектептерінде білім алған сауатты адамдардың саны ғана есепке алынатын, ал бұрынғы Ресей патшалығыңдағы мұсылман халықтарының ісләмдік білім алуын кімде-кім анықтауға, зерттеуге тырысса, оның алдын орап, әр түрлі айыптарға душар болатын.

XIX ғасырдағы Қазақстанда мұсылмандық білім алу көптеген жасанды кедергілерге тап болды. Мұсылмандық оқу орындарын аралаған патша шенеуліктері көшпелі халық арасында сауаттылықтың таралу мүмкіндігіне сенімсіздікпен қарады.

Үкіметтің мақсаты орыс жөне орыс-қазақ зиялы мектептерін ашу жөне кеңейту болды, сонымен қатар төмендегідей міндеттерді шешуге тырысты: жергілікті орыс қоныстанушыларының бастауыш білім алуға деген талабын қанағаттандыру, өлкедегі бай табиғи байлықты игеру үшін білімді мамандарды даярлау, біртіндеп орнығып келе жатқан отарлау жүйесінің басқармасы, болыстық, уездік және облыстық әкімшілік үшін сауатты адамдар даярлау.

Патша үкіметі ағартушылықпен ғана емес, көшпелі халықты орыстандырумен де айналысты. Семей облыстық халықтық училищесі инспекторының мойындауынша оны "біртіндеп және өте абайлап" жүргізуге тура келген. Соңдықтан ресми құжаттарда, соның ішінде патша губернаторларының жылдық есептерінде Қазақстандағы конфессионалдық мектептердің барлық ісі өз дәрежесіне сай келмейтіндігі көрсетіліп отырған.

Әрбір ауылдағы мешіт жанында діни мектеп болған. 1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформаға дейін мектеп және медреселер негізінен кедергісіз өз жұмысын атқарып отырған. Қазақ даласындағы басқару жүйесі әкімшілік құрылымның өзгеруімен бірге діни мектептердің қызметіне де өзгерістер енгізілді.

Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет 1870 жылы наурыз айындағы үкімет шешімінде, яғни "Бөтен христиандар мен татар магометандар туралы арнайы Ережеде" бекітілді. Бұл "Ережеде" мемлекет қаржыландыратын қалалық және ауылдық бастауыш мектептер, мұғалімдер құрамына орыс тілін білетін оқытушы молда не татарша білетін орыс мұғалімі болуы, өз қаржысы есебінен мұсылман заңдарын оқытатын мұғалімдерді тарту ескерілді. Сонымен қатар ол "Ережеде" жаңа ашылған мектеп немесе медресе орыс мұғалімін алуға міндетті болды. Діни оқу орындарының басты қызметінің жастар бойында әдептілік пен адамгершілік өнегесін дарыту болып саналды. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысып бақты. Мәселен 1867-1868 жылдардығы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу қажет еді. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашық кемсітіп қорлауға кірісті.

"Ережедегі" соңғы бөлім көптеген қиындықтар туғызды, көп жағдайда дәстүрлі мектептер мен медреселерде орыс сыныптары болуынан бас тартқан ұстаздар қудаланды. Сонымен, 1870 жылғы 26 наурыздағы "Ережеге" орай орыс сыныптары "мұсылмандар көп тұратын барлық орыс қалаларында бекітілді". Онымен қатар медреселерге жасы 40 тан асқан адамдарды ғана ұстаздыққа алды.

Бүкіл Қазақстан бойынша қанша мектеп және медресе болғаны мұрағат материалдарында анықталмаған. Сонда да мына мәліметтерді келтіруге болады. Семей облысының 13 қалалық мектебінде 1887 жылы 605 ұл бала оқыған (15 мың ер адамға 1 окушыдан келіп отыр), ал 1912 жылы Торғай облысының Қостанай уезінде 494 оқушысы бар тоғыз ер балалар және қыздар мектебі жұмыс істеген. Бұл мектептерде әліппені оқытьш, арифметикалық төрт амалды үйретті және құран сүрелерін жаттататын.

Медресе жан-жақты білім беруге негізделді. Онда құранды окумен қатар мүлікті мұраға қалдыру және бөлу туралы заң, юриспруденция, тарих, философия және жаратылыстану энциклопедиясы, араб тілінің грамматикасы, догматика, логика сияқты ғылым салалары, математика, орыс тілі оқытылды. Медресені бітіргендер өз білімдерін Бұхара мен Ташкенттегі діни оқу орындарында жалғастырып келіп, ауылда мұғалім ретінде медреселердің қызметіне араласты. Кей медреселерде жаңа пәндер де енгізілді. Мысалы: метофизика, мұсылман заңдары жөне физика. Қазан, Орынбор жөне Орта Азиядағы діни семинарияларын, медресені жөне басқа оқу орындарын бітірген мұғалімдер адамгершілік қасиетті жоғары қойды.

Білім берудің жалпы барысы. Үкімет мектеп пен медреселердің ұстаздар құрамын қатаң бақылап, "пантюркизм мен панисламизмнің" буындары деп қарады. Орыс тілі жүрмесе, әскери губернатор мектепті не медресені жауып отырған. Мешіт жанындағы діни мектеп жеке меншік иесінде болды. Оқу үйлерінің жетіспеуінен көптеген медреселерде, әсіресе далалық облыстарда бала саны 70 шәкірттен аспайтын. Оқушылар жасы 8-20 жас аралығында болды, кейде медреседе 30-40 жастағы қазақтар да оқыған. "Ереже" бойынша оқушы жастар 16-ға дейін қабылдануы керек. Медреседегі оқу бағдарламасы үш, төрт, бес кейде он жылға созылған.

Күнделікті оқу кестесі 7.00-ден 11.00-ге дейін және 13.00-ден 16.00-ге дейін жоспарланатын. Оқу жылы мамыр айында басталып, тамызда аяқталған.

Оқушылардың көпшілік бөлігі шеткері аудандардан келіп, медресе жанындағы жатақханаларда тұрды. Орталық әкімшілік бұған ерекше назар аударып отырған. Халық училищесінің инспекторы, статс кеңесші Злобин 1901 жылы 21 ақпанда дала губернаторына жолдаған хатында "Медресе жанында тұратын оқушылар магометандық фанатизм ықпалына түсіп, осы жатақханаға уақытша тоқтаған жүргіншілердің арасында біршама уақыттарын өткізіп жүр" деп жазды.

Қазақ жеріндегі діни оқу орындары әр түрлі қоғамдастықтар қолдауында болған. екеніне көңіл аударады Алайда қоғам құрушылардың жалпы заңдар мен үкімет шешімдерін қатаң сақтаймыз, баспасөз бен цензура туралы ережені орындаймыз деген сеніміне қарамастан, губернатор ол қоғамның ашылуына келісім бермеді.

XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер қоғамының өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Яғни, мұсылман мектептерін реформалау мәселесі тұрды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілер болды. XX ғасырдың басында жаңа әдістемелік мектептер пайда бола бастады. Бұл істің басы-қасында белгілі негізгі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі Ысмайыл Ғаспыралы болды. Жадидшілер мектептерде арифметикамен, география, тарих, жаратылыстану сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістанда ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Мысалы Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б..Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семедегі оқытудың жаңа әдістемелік жақтарын қолдайтын Ахмет Риза медресесінен дәріс алған. Бірақ, бұл мектептің әдістемелік бағытын ұстаған тұстары халыққа кең көлемде тарамады. Өйткені, патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қарсылық жасады. Бұл мектептерді панисламизм мен пантюркизмнің ошақтары деп есептеді. Мектептер мен медреселердің, қалалық жөне басқа кітапханалардың жабдықталуын жеке адамдар, қайырымдылық ұйымдары, жергілікті мұсылмандық қоғамдар көтеріп отырды. Петропавлдағы ірі мұсылмандық орталық жұмысына татарлар және парсы-түрік елдерінен келген мұсылмандар қатысып отырған. Қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландыруымен 1910 жылға дейін жұмыс істеді. Кейіннен Петропавл қоғамы бір ғана мұсылмандардың мүддесін көздейді деген жаламен жауып тастады. 1905-1907 жылдары Ресейдегі революция үкіметті ағарту саласында жеңілдіктер жасауға итермеледі, соның ішінде мұсылмандық мекемелерде де 1905 жылғы 17 қазандағы манифестен кейін Қазақстанның мүмкіндігі болмады, аз болса да кітапханалар ашты және тегін болды. XIX ғасырдың аяғында Қазақстандағы мұсылмандар мектептерінің санын толық анықтау қиын. XIX ғасырдың 80-жылдарыньң ортасында Жетісу облысының тек үш уезінде: Верный, Қапал Сергиопольда 47 447 ұл бала және 17 271 қыз бала тіркелген.

Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Розенбахтың 1888 жылғы 8 қыркүйектегі халық ағарту министрлігіне берген мағлұматында өлкеде барлығы 206 медресе және 3 660 мектеп, 4 000 мұғалім жөне 49 мыңдай оқушылар көрсетілген. Түркістан өлкесінде 1896 жылғы мағлұмат бойынша барлық мұсылман мектептерінде 77 711 бала есепте тұрған.

Сонымен қатар қазақ жастары зиялы оқу орындарында, соның ішінде бастауыш оқу орындарында (гимназияда, қалалық училищеде, ерлердің жөне әйелдердің приходтық училищесі, орыс-қазақ аралас мектебі және алғашқы сауатсыздықты жою мектебі, орта білім беретін ерлер мен әйелдер гимназиясы, оқытушылар семинариясы, кәсіптік мектептерде (ауылшаруашылық, фельдшерлік, қолөнер) мектептерінен білім алды. Қазақ балалары Орынбор мұғалімдер институтында, Омбыда, Қазанда, Томскіде, Петербург университеттерінде оқыған. 1896 жылы тек Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында 50-ге жуық негізінен қазақ студенттері білім алған. Петербург университетінің стипендианты Семей облысынан шыққан Жақып Ақбаев заң факультетін бітіріп, алғашқы көсіпқой қазақ заңгері болды. ХІХ ғасырдың басында сонымен қатар зайырлы мектептер ашыла бастады. 1813 жылы Омбыда 1825 жылы Орынборда әскери училищелер ашылды. Кейін осы училищелер Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпустарына айналды. Дегенмен, бұл оқу орындарында қазақ балалры үшін шек қойылды. Ұлты қазақ кадеттер әскери пәндерді оқуға жіберілмеді. Белгілі қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов Омбы кадет корпусын бітірген. 1841 жылы Жәңгір ханның бастамасымен алғаш қазақ мектебі ашылды. Ондағы оқушылар орыс тілін, математика, географияны, бірқатар шығыс халықтарының тілдерімен қатар ислам дінінің негіздерін оқып үйренді. Қазақ балаларының білім алуы мен ішіндегі ең қабілетті деген балаларды Жәңгір ханның өзі қадағалап, қабілетті балаларды Қазан, Ресей қалаларына оқуға жіберіп отырды. Бірақ оқыту деңгейі тым төмен еді.

Қазақ станицаларында, бекініс қамалдарында діни шіркеулер және қазақтардың балалары оқитын мектептер болды. Мұғалімдер көбінесе шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен қазақтар құрады.

Қазақ балаларының біраз бөлігі орыс мектептерінде, сонымен қатар ауқатты отбасынан шыққан балалар үйде мүғалім жалдап білім алған.