Еркебек Қамбарұлы Арғымбаев (11 наурыз 1947 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Самсы ауылы) — ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамының президенті, медицина ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Еңбек жолы 1971 ж. Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. 1987 ж. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
Қызметтері 1971-1977 жж. Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-интерні, Жамбыл аудандық туберкулез ауруханасында дәрігер-фтизиатр, Жамбыл аудандық емдеу бірлестігінің Дегерес бөлімшелік ауруханасының бас дәрігері. 1977-1983 жж. ҚазКСР Денсаулық сақтау Министрлігінің емдеу-профилактикалық жұмысы Бас басқармасының дәрігер-инспекторы, коллегия хатшысы, кадр бөлімінің бастығы. 1983-1987 жж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің Ғылым және оқу орындары бөлімінің нұсқаушысы. 1987-1992 жылдары Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары. 1994-1996 жж. ҚР Қызыл Крест және Қызыл Ай Қоғамының (2002 жылдан бастап ҚР Ұлттық Қызыл Ай қоғамы) бас директоры, 1996 жылдан бастап президенті қызметін атқарады.
Қоғамдық қызметі Денсаулық сақтау Министрлігі коллегиясының мүшесі (1992-1994, 2001-2002). ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия мүшесі (1998-2000). 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік ведомствоаралық комиссияның мүшесі.
Марапаттамалары 1980 ж. КСРО-ның Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанды. денсаулық сақтау саласына қосқан зор еңбегі ескеріліп, 1997 ж. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. 1998 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет дәрежесі берілді. «Алтын Адам – Жыл Адамы» фестиваль-конкурсының «Қазақстанның 2000 жылғы Қоғам қайраткері» номинациясының жеңімпазы.
Дереккөздер
Санат:11 наурызда туғандар Санат:Медицина ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:КСРО денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Қазақстан денсаулық сақтау ісінің үздіктері Санат:Алтын Адам – Жыл Адамы байқауының жеңімпаздары