320px|нобай|Гранд Опера театры Гарнье Сарайы (, ) немесе Гарнье Опера үйі (, ) — Франция астанасы Париж қаласындағы опера үйі.
Тарихы Франция елінің астанасы Парижде есімі көпшілікке белгілі Гранд Опера театры бой көтерген. 1669 жылы XIV Луидің келісімімен сазгер Камбер мен ақын Перрен театр негізін қалады. Ғасырлар бойы театр өз атауы мен мекенжайын бірнеше мәрте өзгертті. 1875 жылы сәулетші Шарль Гарньенің жобасымен қаланың IX округінде театр ғимараты тұрғызылды. Орыс сазгері Игорь Стравинскийдің «Мавра» операсының тұсауы осы театрда кесілді. Қазіргі таңда Гранд Опера театрының атауы Гарнье Сарайы болып өзгертілді.
Дереккөздер
Санат:Франция театрлары Санат:Париж ғимараттары мен құрылыстары