«BaigeNews.kz» (2019 жылға дейін BNews.kz) — қазақстандық ақпарат агенттігі. 2009 жылдың шілде айында іске қосылды. Сол жылдың шілде айында ҚР-ның ресми ақпараттық агенттік статусын алды. 2025 жылы Baq.kz ақпарат агенттігімен біріктірілді.

BaigeNews күнде online режимде ақпаратты мәтіндік, видео, фото, графикалық форматта ұсынып отырады.http://bnews.kz/kk/page/about1 Қазақстан мен әлемнің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени, спорттық жаңалықтарын таратады. Ақпараттық агенттік қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндеhttp://bnews.kz/ru/news/post/90755/ жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақ тілді ақпарат латын қарпіне аударылады.

Жұмысы

Агенттіктің жұмыс істеу принциптері - жылдамдық, нақтылық және шынайылық. Жаңалықтар тізбегінде күнделікті 350-ден 700-ге дейін жаңалық шығып отырады. BNews.kz порталында ҚР Үкіметінің отырыстары online-көрсетілімі жүргізіледі. Bnews.kz порталында 2012 жылы қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде 43 мың материал, 800 видеоматериал, 8 мыңнан астам фотоматериалдар жарық көрген. Қазақ және орыс тілдерінде 52 онлайн-конференция, Үкімет отырысының 23 онлайн-көрсетілімі өткізілген. 2014 жылдың 1-ші қаңтарына сәйкес BNews.kz порталында 64538 материал, 3893 видеоматериал, 10 мыңнан астам фотоматериалдар жинақталған.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ақпараттық агенттіктері Санат:2009 жылы пайда болған сайттар