Қанайналым Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады. Қанның қозғалуы - ағза мен сыптқы ортаның арасында газ бен зат алмасуды қамтамасыз етеді.Дененің барлық мүшелері мен ұлпалары қоректік заттар мен оттегін қабылдап, зиянды заттардан тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын 'қанайналым' дейді. 'Қанайналым жүйесіне' - жүрек және қантамырлар жатады. Жүрек құрылысы Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Қантамырлар және олардың түрлері Артерия қантамырлары ( грекше "arteria"- қантамыр) - қанды 'жүректен мүшелер мен ұлпаларға' тарататын қантамырлар тобы.

Вена қантамырлары (латынша "vena" - қантамыр, сіңір) - мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т.б. қаныққан қанды 'жүрекке тасымалдайды'.

Санат:Француз