Қызылсай — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жаңатоған ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Округ орталығы - Қостоғаннан оңтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей, аудан орталығы - Меркі ауылынан 22 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен391 417 106,6 202 213 105,4 189 204 107,9

Инфрақұрылымы Бастауыш мектеп, фельдшерлік пункт, клуб жұмыс істейді.Қазақ энциклопедиясы

Ауыл тарихы Қызылсай ауылының аумағында колхоздастыруға дейін қазіргі Қостоған ауылы адамдарының бір бөлігі отырған. Ал, Қызылсайлықтар қазіргі Гранитогорск ауылының төменгі қапталында "Қызыл еңбек" ауылымен қатар отырған. Екі ауылдың ортасын екі терең сай бөліп тұрған. Ортадағы терең сайдың табанында ағып жатқан судан жаяу адам өте алмайтын болған. Жауын-шашыннан жиналып аққан судың табанында қызғылтым топырақ жатқандықтан ауылдың аты Қызылсай аталып кеткен.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері