Су - құрлықтағы сұйық, қатты күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едауір мол. Республика аумағында ішкі суды төрт түрге бөлеміз: өзендер көлдер жер асты суы мұздықтар Қазақстанда ұзындығы 10 километрден асатын 8400-дей, ал 1000 километрден ден асатын 7 өзен бар:Қазақстан географиясы. 9 сынып. Атамұра. 2024. 194 бет +"Қазақстанның өзендері" мәліметтер базасының көрсеткіштеріҚазақстан географиясы. 9 сынып. Атамұра. 2024. 242 бетӨзен алабыАлаптың ауданы (F), км2Өзендер саныӨзеннің ұзындығы (L), кмЖайық және Жем187000286334156Тобыл1300002624591Есіл11300066313114Ертіс2100001076494476Нұра және Сарысу132000211826603Іле68000841466817Шу630004929491Сардария240000454133169 Республикамыздың өзендері негізгі 2 алапқа жатады:

Солтүстік Мұзды мұхит алабы (Өзендері: Ертіс, Есіл, Тобыл салаларымен) Ішкі тұйық көлдер алабы (бұл алапқа ішкі көлдерге құятын өзендер жатады.

Каспий теңізі алабына жататын өзендер : Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен Өзен, Кіші Өзен. Арал теңізі алабына жатады: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас. Балқаш-Алакөл алабына жатады: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан т.б. Қазақстан өзендерінің жиілігі солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Қазақстан аумағындағы ең ұзын және ең суы мол өзен — Ертіс өзені. Ертістің жалпы ұзындығы - 4248 км. Ал оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 1700 км. Ертіс өзені Қытай жерінен басталып, Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен еніп, Зайсан көліне құяды. Ертіс өзенінің деңгейі сәуір, мамыр айларында көтеріледі. Ертіс өзені Қазақстан жеріндегі кеме жүзуге ең қолайлы өзен болып саналады. Ертіс өзені - Ресей жеріндегі Объ өзенінің сол жақ ірі саласы болып саналады. Ертіс өзенінің оң жақ ірі саласы - Бұқтырма өзені. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма, Шүлбі, Өскемен СЭС-тары (Су Электр Стансалары) салынған. Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы салынды.

Көлдер Қазақстанда 48 мыңнан аса көл бар. Олардың ішінде өзіндік ерекшеліктері бар көлдерге:

Каспий теңізі — дүниежүзіндегі аумағы 370 мың км2 құрайтын трансшегаралық ең үлкен көл Жайсаң — Бор дәуірінен бері 70 млн жылдан келе жатқан Жер бетінің ең ежелгі көлі Балқаш — дүниежүзіндегі жалғыз тұщы-тұзды сулы көл Биесойған — Қазақстандағы және әлемдегі ең тұзды (335,8 г/л) көл

Қазақстандағы көлдердің басым бөлігі (99,5%) — ұсақ көлдер. Бірақ олардық жиынтық ауданының 60%-ы өте ірі және аса ірі көлдерге (Каспий мен Аралды қоса есептемегенде) сәйкес келеді. Балқаш көлі дүниежүзіндегі ең ірі 20 табиғи су бөліктерінің біріне жатады.Қазақстан географиясы. 9 сынып. Атамұра. 2024. 204 бет +Көлдердің сандық топтары бойыншы алғандағы саны мен ауданы (Каспий мен Аралдан басқа)Сандық көрсеткіші, км2ТопСаныЖалпы ауданыбірлік%км2%10–ға дейінкіші4796399,391167525,9410–100-ге дейінорташа2750,57644114,31100–1000-нанірі180,0444469,881000–10000-нанөте ірі20,0042409,4210000-нан жоғарыаса ірі10,001820040,44

Мұздықтар

Мұздықтар — өз бетінше қозғала алатын мұздардың табиғи жиынтығы. Олар көректену аймағы орналасатын қар сызығынан жоғары қалыптасады. Алтайда ол орташа 2600 м, ал Тянь-Шяньда 3600 м биіктіктен өтеді.

Қазақстанда мөлшермен 100 км3 су жиналған 2700 мұздық бар. Бұл шамамен алғанда қазақстандық өзендердің жылдық ағысына тең. Қазақстанның мұздықтары — төрттік мұз басу дәуірінің қалдықтары. Ол кезде, мысалы, Алтайда ұзындығы 150 км-ге дейін жететін мұздықтар болды. Қазіргі мұздықтардың аумағы айтарлықтай шағын болып келеді. Қазақстандағы ең ұзын Корженевский мұздығының (Іле Алатауы) ұзындығы 14,5 км шамасында. Елдегі ең үлкен Солтүстік Инылчек мұздығының (Орталық Тянь-Шянь) ауданы мөлшермен алғанда 76 км2.

Қазіргі мұздықтар биік таулы аймақтарда орналасқан. Ең аумақты мұздықтар Жетісу Алатауы мен Тянь-Шяньда. Олардан сәл кішілері Алтай мен Сауырда. Мүлдем мұздығы жоқ биік таулы аймақ — Тарбағатай. +Қазақстандағы қазіргі мұз басу географиясыМұз басу аймағыМұздықтар саныМұздықтар ауданы, км2Мұз көлемі, км3Қазақстан Алтайы328904Сауыр18171Жетісу Алатауы1369100046Тянь-Шянь100985749 Қазақстан географиясы. 9 сынып. Атамұра. 2024. 212-214 бет

Дереккөздер "Талапкер" топтамасы. География: 6-10 сыныптар. - "Арман" баспасы, 2004 жыл - 432 бет. ISBN 9965-636-23-0

Санат:Су күйлері