Хлопуша (шын аты-жөні — Соколов Афанасий Тимофеевич) шаруалар соғысы кезіндегі Е.И. Пугачевтың сенімді серіктерінің бірі. Ұрлыққа қатысқаны үшін жазаланып, каторгалық жүмыста жүргенде үш рет қашқаны үшін өмір бойы Орынбор түрмесінде ұстауға үкім етілді. 1773 ж. Пугачев отряды Орынборды қоршап алған гезде губернатор И. А. Рейнсдорп Хлопушаны Пугачовке қарсы үгіт жүргізуге және оны қолға түсіруге жұмсады, бірақ ол көтерілісшілер жағына шығып кетті. Пугачев оған полковник атағын беріп, завод шаруаларының отрядын басқартты. Пугачев отряды Татищева түбінде талқандалған соң (22 наурыз, 1774), Xлопуша үйіне оралды. 23 наурызда Xлопуша ұсталып, құпия комиссия оны өлім жазасына кесті.Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы Дереккөздер .
Санат:Пугачев көтерілісі Санат:Ресей балуандары Санат:Ресей империясы Санат:18 шілдеде қайтыс болғандар