Жангелді ауданы (1928–1956 жылдары Торғай ауданы) — Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 37,6 мың км². Аудан орталығы – Торғай ауылы.
Географиялық орны, жер бедері Солтүстігінде Қамысты, Науырзым аудандарымен, шығысында Амангелді ауданымен, батысында Ақтөбе облысының Ырғыз, Әйтеке би аудандарымен, оңтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау ауданымен шектеседі.
Жангелді ауданының жері негізінен Торғай даласы деп аталатын шөлейт даланы алып жатыр. Солтүстік-батысы теңіз деңгейінен биіктігі 210 – 310 метр бойлық бағыттағы Теке, Қызбел, Жыланды және Қарғалы таулары орналасқан Торғай үстіртінің оңтүстік-батыс шетін қамтиды. Жер бедерінің жалпы еңісі оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай бағытталған. Торғай мен Ұлы Жыланшық өзендерін бойлай Айғырқұм, Тосын және Аққұм құмдары жатыр. Пайдалы қазбалардан құрылыс материалдарының кен орындары бар.
Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық. Қаңтардағы орташа ауа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 22 – 25°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 225 – 275 мм. Жерінің топырағы негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, оңтүстігінде сортаң және құмдақ келеді. Далада қау, шағыр, жусан, сүтемген, бидайық, өзен бойлары мен сай-салаларда тал, жиде, жүзгін, қамыс, құрақ өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы шошқа, ақ бөкен, сарышұнақ, ондатр кездеседі; құстардан қаз, үйрек, аққу, бүркіт, кезқұйрық, шағала, қызғыш бар.
Су торабы Жер беті сулары Торғай, Өлкейек, Ұлы Жыланшық және Теке өзендерінің салаларынан және ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Торғайдың Қабырға тармағы жаз бойы суалмайды. Ірі көлдері: Ақкөл, Жаман Ақкөл, Сарықопа, Жаркөл, Ащытастысор.
Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 12741 14629 21077 24728 28765 20533 15690 11838 Тұрғындар саны – 12 251 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 99,71%, татарлар – 0,12%, орыстар – 0,09%, басқа ұлт өкілдері – 0,07%.
Әкімшілік бөлінісі 20 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 7 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлікОрталығыЕлді мекендеріХалқы (2021) Ақкөл ауылдық әкімдігі Ақкөл ауылы 1 461 Ақшығанақ ауылдық округі Ақшығанақ ауылы 1 906 Албарбөгет ауылдық округі Көкалат ауылы 2 683 Аралбай ауылдық әкімдігі Аралбай ауылы 1 402 Ахмет Байтұрсынұлы ауылдық әкімдігі Ахмет Байтұрсынұлы ауылы 1 487 Жаркөл ауылдық округі Тәуіш ауылы 3 1082 Қаламқарасу ауылдық округі Қаламқарасу ауылы 2 427 Қызбел ауылдық округі Саға ауылы 4 764 Сужарған ауылдық әкімдігі Сужарған ауылы 1 404 Торғай ауылдық округі Торғай ауылы 1 4602 Шеген ауылдық әкімдігі Шеген ауылы 1 436 Шилі ауылдық округі Шилі ауылы 2 423
Ірі елді мекендері Атауы Халқы (2021) Торғай 4602 Тәуіш 847 Ақшығанақ 814
Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығына жарамды жері 3759,7 мың га (2008), оның ішінде 27,8 мың га жері егістік, 90,2 мың га шабындық, 338 мың га жайылым. Жангелді ауданында жолаушылар мен жүк тасымалы республикалық маңызы бар Арал – Ырғыз – Торғай – Амангелді – Арқалық автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.
Жангелді ауданы – тарихи өлке. Ә. Жангелдиннің революция қызметі, Амангелді Иманов бастаған 1916 жылғы патша үкіметіне қарсы азаттық көтеріліс Торғай даласымен байланысты. Ыбырай Алтынсарин қазақ еліндегі тұңғыш қазақ-орыс мектебін осы ауданда ашты.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы