Жамбыл — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Меркі ауылының батыс іргесінде.

Тарихы 1930 жылы "Краснооктябрь" колхозы ретінде құрылған. 1930 жылы Жамбыл колхозы атанды.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен6633 6861 103,4 3237 3378 104,4 3396 3483 102,6

Инрфақұрылымы 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Ақкөз Қосанұлының атындағы орта мектеп, мектептің кіре берісінде ескерткіш-обелискісі бар. Ауылдың тау жақ тұсында "Жеміс-жидек" кеңшарының оңтүстік-батысында қырғыздың атақты батыры Жайылдың мазары бар. Ауыл аумағында аудандық медициналық кеңес беру, диагностикалық орталық, туберкулез ауруын емдеу диспансері, мәдениет үйі, аудандық кітапхана орналасқан. Жамбыл арқылы Алматы-Тараз автомобиль жолы өтеді.Жамбыл облысының тоопномикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері