Дарбаза — Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Атау тарихы Қаратау мен Бурыл тауларының арасында үлкен қақпа сияқты ашық жері бар. Бұл жерден өзен ағады. Екі таудың арасы алыстан қақпа сияқты көрінеді. Қақпаны ертеректе аталарымыз "дарбаза" деп атаған. Соған байланысты өзен аты "Дарбаза" болған сыңайлы. Осы Дарбаза өзенінің бойынан сыйымдылығы 3 млн текше метрлік су бөгені салынған. Осы сумен Билікөл аймағында едеуір алқап суландырылады. Сол маңдағы ауыл өзен атына байланысты "Дарбаза ауылы" аталған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы"

Географиялық орны Аудан орталығы - Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен174 150 86,2 89 81 91 85 69 81,2

Дереккөздер

Санат:Жуалы ауданы елді мекендері