Пілтән МəміровГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950.412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), мақта өсіруші, Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Келес ауданы (қазіргі Сарыағаш ауданы), "Қызыл-Әскер" колхозының звеношысы (1947). 1929 жылы Шымкент облысы, Келес ауданы, "Қызыл-Әскер" ауылында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1944 жылы жетіжілдық мектепті бітірген соң 2 жыл мал дәрігерлік бөлімшеде жұмыс істейді. 1946 жылы "Қызыл-Әскер" колхозына жұмысқа кіріп, мақташылар бригадасында мақташы болады. Таңнан күн батқанға дейін жұмыс істеген ол мақта жинау мөлшерін 160 кг-ға дейін жеткізеді. 1946 жылы күзгі маусымда жеке өзі 11 тонна шиітті мақта жинаған. 1947 жылы колхоз басқармасы оны жоғары түсімді 4-ші мақташылар тобының звеношысы етіп тағайындайды. Осы жылы қажырлы еңбектерінің арқасында 3 гектардан 85,8 центнерден және 6 гектардан 25 центнерден шиітті мақта жинап, жоғары өнім алады.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері