Цепляев Роман НикифировичГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), егінші, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозының егіншілер бригадасының бригадирі. 1914 жылы Ресейде, Орлов облысы, Колпянск ауданы, Рождественка селосында туған.
Еңбек жолы мен жетістігі 1930 жылдан колхозшы болып еңбек етеді. 1940 жылы Совет Армиясы қатарында ақ финдік басқыншылармен күрес ұрысына қатысады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. 1943 жылы соғыста жараланып, туған жерін неміс басқыншылары басып алғандықтан Қазақстанға, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Андреев ауданы, "Победа" колхозына келеді. Жарасынан сауыққан соң осы колхозда қой фермасын басқарады. 1947 жылы егіншілер бригадасының бригадирі болып тағайындалады. Оның бригадасы қажырлы және күндіз-түні тынымсыз еңбектің арқасында 35 гектар жердің әр гектарынан 31,08 центнерден бидай алып, белгіленген жоспарды асыра орындайды.
Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері