Дәрмене немесе ақ жусан () – астралылар тұқымдасының жусан туысына жататын көп жылдық шала бұта. Орта Азияның (Оңтүстік Қазақстан) эндемигі.

Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 18 – 30 см. Өзіне тән аңқыған өткір иісі бар. Улы өсімдік.

Тамыры ағаштанып кеткен, өзекті, қара-қоңыр түсті.

Жапырақтары кезек орналасқан, сызықты жиеленген. Гүлдеу кезіне қарай көбі түсіп қалады.

Гүлдері майда, 2-3 мм, қос жынысты. Гүлшоғыры - себетше.

Химиялық құрамы Жер бетіндегі бөліміннің құрамында сесквитерпенді лактон сантонин (до 7 %) және 1,5—3 % эфир майлары, цинеол және басқа терпендер (70—80 %Блинова К. Ф. и др.,Ботанико-фармакогностический словарь : Справ. пособие , Под ред. К. Ф. Блиновой, Г. П. Яковлев,М,изд.Высш. шк.,1990,227,isbn=5-06-000085-0), камфора, карвакрол.

Таралуы Түркістан облысы, Арыс ауданының Дәрмене кеңшарында қолдан өсіріледі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жусандар Санат:Күрделігүлділер Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер