Қытай қазақ мерзімді басылымдары - Қытай жерінде шығатын қазақ тіліндегі баспасөз.

Бүгінгі күнде Шығыс Түркістан жерінде қазақ тілді 20-ға жуық журнал мен тоғыздан аса газет шығады.

Журналдар Әдебиет тақырыбына арналаған келесі журналдар жарық көреді:

“Шұғыла” “Құмыл алқабы” “Іле айдыны” “Алтай аясы” “Тарбағатай” “Боғда” “Іле жастары” “Шалқар”

Бұлардың ішінде “Шұғыла” журналы мен “Құмыл алқабы” бүкіл Қытай көлемінде “Жылдың үздік журналы” атағына да ие болған.

Заң аясында

“Заң аясында” журналы 2000 жылдан бері шығып келе жатқан маусымдық журнал, заңдық кеңестер пен қоғамдағы нақты шындықтардан мысал келтіре отырып заңның ең үлкен қару екенін көрсететін журнал.

Балаларға арналған басылымдар

Маусымдық журналдар:

“Жастүлек”

“Балауса”

“ Білім бұлағы”

Апталық газет:

“Іле өрендері”

Салалық журналистика

“Шынжаң қоғамдық ғылымдары” журналы

“Ғылым-техника” газеті (аптасына бір рет шығады)

Басқа да журналдар

“Оқырман өресі” танымдық журнал

“Көкжиек” журналы

XX ғасырдың екінші жартысында “Шалғын” деген атпен, 1982 жылдан бастап “Мұра” деген атпен шығып келе жатқан журнал бар. Қазірге дейін 141 санын оқырманға ұсынған.

Нәзік жандыларға арналған “Шыңжаң әйелдері” журналы

Көркемөнер бағытында шығатын “Шыңжаң суретті журналы”

Газеттер

Қазақ тілдіндегі ең үлкен газеттер қатарында “Шыңжаң газеті” айтылады. 1950 жылдан бері шығып келе жатқан газет күн сайын шығады. Газеттің апталық таралымы 123900 данадан асады.

Өңірлік және апталық газет қатарына “Күйтің газеті”, “Іле кеші”, “Тарбағатай”, “Іле өрендері” қатарлы газеттер де жатады.

Сонымен бірге әлемде болып жатқан оқиғалар мен жаңалықтарды оқырман аудиториясы “Пайдалану хабарлары” атты газеттен алып отырады. “Пайдалану хабарлары” тек қана ақпарат беруді негіз етеді, аптаның бес күнінде шығады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қытай қазақ мерзімді басылымдары