Футболдан Германияның Ұлттық Құрамасы () — Германияның атынан 1908 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатысып келе жатқан команда. Ерлер құрамасы әлемнің төрт дүркін, әрі Еуропаның үш дүркін чемпионы атанып, қазіргі кезде әлемнің ең мықты және ең сәтті командаларының бірі саналады. Құраманы басқарушы ұйым - Германия Футбол Одағы.
Тарихы Құрама тарихы 1899 жылдан басталады. 1945 жылға дейін түрліше аталды: 1918-33 жылдары Веймар Ұлттық футбол құрамасы, 1933-45 жылдары Үшінші Рейх Ұлттық құрамасы. Шынайы атаулары осылай өзгергенімен, әлемдік БАҚ өкілдері тек "Германия құрамасы" деп қана атады. Соғысқа дейінгі аралықта құрама оншалық жарқыраған жоқ. 1942 жылы құрама ФИФА мүшелігінен шеттетілді. Соғыстан соң Германия екіге бөлінді, бұған дейінгі Германия құрамасының негізгі мұрагері ретінде ГФР немесе Батыс Германия құрамасы танылды. Ал ГДР құрамасы өз алдарына жаңа тарихын бастады.
Неміс футбол одағы 1952 жылы құрылды, сол себепті ГФР құрамасы 1950 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді. 1954 жылы құрама соғыстан кейін тұңғыш рет әлемдік додаға қатысты. Оларды чемпион атанады деп ешкім күтпеді, себебі, топтық турнирде сол кезеңнің ең күшті командасы Мажарстаннан 3:8 есебімен ойсырай ұтылған-ды. Алайда Мажарстанмен финалда қайта жолыққан немістер бастапқы 8 минутта екі гол жіберіп алғанымен, матч біткенше үш гол соғып, тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Бұл табыс Германия құрамасының болашақтағы толассыз жетістіктерінің бастамасы боп саналды.
1964 жылы құраманы 28 жыл бойы баптаған Зепп Гербергердің орнына келген Хельмут Шён тіпті табысты болды. Құрама 1966 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде, төрт жылдан соң қола жүлдені иеленді. 1972 жылы финалда 3:0 есебімен КСРО-ны ұтып Еуропа чемпионы атанды. 1974 жылы өз елдерінде өткен әлем чемпионатында ешкімге дес бермей, алтын алқаны өздері тақты. 1976, 1980 жылдары өткен Еуропа чемпионатында тағы да финалға шықты, әуелгісінде Чехословакия шабуылшысы Антонин Паненканың қитұрқы пенальтиі бұларды қапы қалдырса, соңғысында Бельгияны 2:1 есебімен ұтып Еуропада екінші рет топ жарды.
Жетпісінші жылдары құрама тек бір ғана ірі турнирде жүлдесіз қалды, 1978 жылы Аргентинада өткен әлем чемпионатында екінші топтық турнирде Нидерланды мен Италия оздырып, үшінші орында қалып қойды.
Сексенінші жылдары да табыссыз қалмады, қатарынан үшінші рет әлем чемпионатының финалына шықты - 1982, 1986, 1990. 1982 жылы финалда Италиядан ұтылды да, Юпп Дерваль командадан кетіп, орнына Франц Беккенбауэр келді. Беккенбауэр дәуірінде құрама 1990 жылы чемпион атанды.
Келесі чемпиондықты Германия халқы 24 жыл күтті. 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында финалда Аргентинаны 1:0 есебімен ұтып, алтын жүлдені олжалады. Арада бір жыл өткен соң Ресейдегі Конфедерациялар кубогында кліең жастардан құралған ұжыммен ойнаса да бұларға тең келер қарсылас табылмады. Германия бұл жолы да топ жарды.
2018 жылғы әлем чемпионатында күтпеген жерде топтан шыға алмады.
Жаттықтырушылары ЖаттықтырушыЖұмыс уақытыОҰТЖ АФГ Комитетi 1908—1927 63 18 13 32 Отто Нерц 31 қазан 1928 — 17 қазан 1936 70 42 10 18 Зепп Хербергер 15 қараша 1936—7 маусым 1964 162 92 26 44 Хельмут Шён 4 қараша 1964—21 маусым 1978 139 87 30 22 Юпп Дерваль 11 қазан 1978— 20 маусым 1984 67 45 11 11 Франц Беккенбауэр 12 қыркүйек 1984— 8 шілде 1990 66 36 17 13 Берти Фогтс 29 тамыз 1990—5 қыркүйек 1998 102 67 23 12 Эрих Риббек 10 қазан 1998—20 маусым 2000 24 10 6 8 Руди Фёллер 16 тамыз 2000— 23 маусым 2004 53 29 11 13 Юрген Клинсманн 18 тамыз 2004—23 маусым 2006 25 14 6 5 Йоахим Лёв 16 тамыз 2006—29 маусым 2021 1981244034Ханс-Дитер Флик 2 қыркүйек 2021-10 қыркүйек 2023 251276 Руди Фёллер 12 қыркүйек 2023 1100 Юлиан Нагельсман 14 қазан 2023 - 6312 Барлығы: 771 440 153 178
Әлем чемпионаттарында гол соққан футболшылар 1954—1990 жылдары ГФР деген атпен ойнаған ОйыншыГол1934193819541958196219661970197419781982198619901994199820022006201020142018Мирослав Клозе165542Герд Мюллер14104Юрген Клинсман11353Хельмут Ран1046Томас Мюллер1055Карл-Хайнц Румменигге9351Уве Зеелер92223Руди Фёллер8332Ханс Шефер743Хельмут Халлер66Лотар Маттеус6141Макс Морлок66Франц Бекенбауэр541Лукас Подольски532Оливер Бирхофф431Андреас Бреме413Пол Брайтнер431Эдмунд Конен44Оттмар Вальтер44Михаэль Баллак33Пьер Литтбарски321Тони Кроос321Вольфганг Оверат312Андре Шюррле33Фриц Вальтер33Клаус Аллофс22Клаус Фишер22Хайнц Флоэ22Марио Гётце22Карл Хоманн22Матс Хуммельс22Сами Хедира211Эрнст Ленер22Дитер Мюллер22Оливер Нёвилль211Месут Озиль211Бастиан Швайнштайгер22Рюдигер Абрамчик11Уве Байн11Марко Боде11Райнер Бонхоф11Альберт Брюлльс11Какау11Ганс Цислярчик11Берхард Кулльманн11Лотар Эммерих11Арне Фридрих11Торстен Фрингс11Йозеф Гочел11Юрген Грабовски11Вильгельм Ханеманн11Зигфрид Хельд11Рихард Херманн11Ули Хёнесс11Бернд Хёльценбайн11Хорст Хрубеш11Матс Хуммельс11Карстен Янкер11Марсель Янсен11Бернхард Клодт11Станисаус Кобиерски11Филипп Лам11Райнхард Либуда11Томас Линке11Андреас Мёллер11Ханси Мюллер11Рудольф Ноак11Альфред Пфафф11Уве Рейндерс11Карл-Хайнц Ридле11Марко Ройс11Бернд Шнайдер11Карл-Хайнц Шнеллингер11Отто Зиффлинг11Хорст Шиманяк11Вольфганг Вебер11Барлығы22611325124151713101281598141416182
Жетістіктері Төрт дүркін әлем чемпионы: 1954, 1974, 1990, 2014 Төрт дүркін әлемнің күміс жүлдегері: 1966, 1982, 1986, 2002 Әлемнің қола жүлдегері: 1934, 1970, 2006, 2010 Үш дүркін Еуропа чемпионы: 1972, 1980, 1996 Үш дүркін Еуропа күміс жүлдегері: 1976, 1992, 2008 Еуропаның қола жүлдегері: 1988, 2012, 2016 Конфедерациялар кубогының жеңімпазы: 2017 Конфедерациялар кубогының қола жүлдегері: 2005
Рекордтары
Әлем чемпионаттарында ең көп финалда ойнаған құрама: 8 рет Әлем чемпионатының ең үздік мергені Мирослав Клозе Германия футболшысы (16 гол) Әлем чемпионаттарында ең көп матч өткізген Лотар Маттеус Германия құрамасының футболшысы (25 матч) Еуропа чемпионатында Испаниямен бірге ең көп чемпион атанған құрама: 3 реттен Еуропа чемпионатында ең көп финалға шыққан құрама: 6 рет.
Әнұран Әнұран — «Schwarz und Weiss»Оливер Похер жеке беттi. Әнұраның авторы - Оливер Похер
Тағы қараңыз Футболдан ГДР құрамасы Футболдан Саар құрамасы
ЕВРО 2024
+Құрамы№ОйыншыЖасыКлубыҚақпашылар1Мануэль Нойер38 Бавария12Оливер Бауманн34 Хоффенхайм22Марк-Андре тер Стеген32 БарселонаҚорғаушылар2Антонио Рюдигер31 Реал Мадрид3Давид Раум26 РБ Лейпциг4Джонатан Та28 Байер 046Йосуа Киммих29 Бавария15Нико Шлоттербек24 Боруссия Дортмунд16Вальдемар Антон27 Штутгарт18Максимилиан Миттельштедт27 Аугсбург20Беньямин Хенрихс27 РБ Лейпциг24Робин Кох27 БрентфордЖартылай қорғаушылар5Паскаль Гросс33 Брайтон энд Хоув Альбион8Тони Кроос34 Реал Мадрид10Джамал Мусиала21 Бавария11Крис Фюрих26 Штутгарт17Флориан Вирц21 Байер 0419Лерой Сане28 Бавария21Илкай Гюндоган (K)33 Барселона23Роберт Андрих29 Байер 0425Эмре Джан30 Боруссия ДортмундШабуылшылар7Кай Хаверц25 Арсенал9Никлас Фюллькруг31 Вердер Бремен13Томас Мюллер34 Бавария14Максимилиан Байер21 Хоффенхайм26Дениз Ундав27 Брайтон энд Хоув АльбионБапкерЮлиан Нагельсманн
Дереккөздер
Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасы