Жамбыл — Алматы облысы, Райымбек ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы −Нарынқол ауылынан батысқа қарай 8 км-дей жерде, Хан Тәңірі тауынан бастау алатын Байынқол өзенінің жағалауында, тау баурайының альпілік шалғынды шөбі ескен қара топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен21211862 1404 75,4 974 777 79,8 888 627 70,6
Тарихы 1953-96 жылдары қой өсіруге маманданған "19-партсъезд" ұжымшарының орталығы болды. 1997 жылдан оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.
Инфрақұрылымы Жамбылда орта мектеп, мешіт, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы елді мекендері