Boeing 787 Dreamliner — американдық Boeing корпорация жасап шығарған кең фюзеляжды екіқозғалтқышты реактивті жолаушы ұшағы. Ұшақ нұсқаларына байланысты 210-нан 330 жолаушыны тасымалдай алады. Boeing компаниясының хабарлауынша, бұл компанияның ең үнемді ұшағы және фюзеляжы негізінен композитті материалдан жасалған әлемдегі ең үлкен ұшақ. 787 ұшағы өзі алмастырған Boeing 767 ұшағына қарағанда 20 %-ға аз жанармай қолданады. Dreamliner-дің басты ерекшеліктері: ұшудың электронды жүйелердің, 4 беткері әйнек, қозғалтқыш гондоласындағы шудан қорғайтын шеврондар және ұшақ ұшының жатық контуры. Ұшақ өзінен үлкенірек 777 моделімен типтес болғандықтан ұшқыштар екі ұшақты басқару үшін бір квалификацияны меңгереді.
2005 жылдың 28 қаңтарына дейін ұшақ Boeing 7E7 деген уақытша атпен белгілі болды. Алғашқы 787 2007 жылы 8 шілдеде Эверетт қаласындағы (Вашингтон штаты) Boeing компаниясының зауытынан шығарылып бұқара алдында көрсетілді. Бұл кезде ұшаққа 677 тапсырыс түскен болатын. 2013 жылдың мамырына қарай Boeing 787 ұшағына 58 тапсырыс берушіден 890 ұшаққа тапсырыс жасалды. Оның ең көбі International Lease Finance Corporation (ILFC) компаниясынан түсті.
.
Тарихы Алғышарттары 1990 жылдардың соңында Boeing 747-400 және 767 ұшақтарының сатылымы төмендеуіне байланысты оларды алмастыратын жаңа ұшақтың бағдарламасын қарастыра бастады. Компания 2 жаңа ұшақты ұсынды. Біріншісі — Boeing 747X, ол Boeing 747-400 ұшағын ұзарту және жақсарту арқылы жасалмақ болған. Ал екіншісі — Sonic Cruiser, ол 767 ұшағымен бірдей мөлшерде жанармай шығындай отырып одан 15 % артық жылдамдықпен (шамамен 0,98 М) ұша алатын. Boeing 747X ұшағына қызығушылық болмады, ал Sonic Criuser болашағы жарқын көрінді. Бірнеше ірі АҚШ әуе компаниялары, Continental Airlines-пен қоса, Sonic Criuser концепциясына назар аударды, алайда олар ұшақты қолдану шығынына қатысты қамкөңіл көрсетті.
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілер мен мұнай бағасының өсуі әлемдік ұшақ нарығына өзгеріс әкелді: енді әуе компанияларын жылдамдық емес, үнемділік қызықтырды. Сол кезде ең көп залал шеккен әуе тасымалдаушылары, әсіресе АҚШ компаниялары, Sonic Cruiser-дің мүмкін тапсырыс берушілері болған. Сондықтан 2002 жылы 20 желтоқсанда Boeing Sonic Cruiser жобасынан бас тартатынын мәлімдеді. 2003 жылы 29 қаңтарда компания өз бағытынын өзгеретінін мәлімдеді: Boeing Sonic Cruiser технологияларын қолдана отырып қарапайым пішімдегі Boeing 7E7 ұшағын жасайтынын айтты. Жаңа ұшақ сыйымдылығы одан үлкен 747 ұшағынан аз болуы керек болды, осыған орай арнайы топ зерттеу жұмыстарын бастады.
thumb|Dreamliner логотипі 2003 жылы шілдеде таныстырылды.|alt=The Dreamliner logo. Sonic Cruiser-ді алмастыраты жобаға "Boeing 7E7" атауы берілді (өндірістік ішкі атауы: "Y2"). Boeing-тің Sonic Cruiser мен Boeing 7E7 ұшақтары аясында жасалған технологиялары компания өнімдерін жақсартуға бағытталған «Йеллоустоун жобасына» енгізілді (Boeing 7E7 осы жобаның алғашқы қадамы болды). Boeing 7E7 концепциясының алғашқы суреттерінде ұшақта түсірілген кабина терезесі, төмендетілген ұшы және акула жүзбесіне ұқсас ұшақ құйрығы болды. Алғашында "E" әріпі бірнеше мағынаны береді деп айтылды: тиімді (efficiency), қоршаған ортаға зиян келтірмейтін (environmentally friendly). Алайда кейін Boeing оны "8" санына ұқсас келеді деп хабарлады. 2003 жылы шілдеде 500 000 адам қатысқан онлайн дауыс беру нәтижесінде ұшаққа «Dreamliner» атауы берілді. Басқа атаулар қатарында eLiner , Global Cruiser және Stratoclimber болды.
thumb|left|All Nippon Airways 2004 жылы 50 ұшаққа тапсырысымен 787 Dreamliner бағдарламасына қосылды.|alt=B787 in launch customer All Nippon Airways' blue and white livery. In the background are two assembly halls, with huge doors facing left. Vehicles are parked in front of the halls. 2004 жылы 26 сәуірде жапондық All Nippon Airways (ANA) әуе компаниясы жаңа ұшақтың алғашқы тапсырыс берушісі болды: ANA 50 ұшаққа тапсырыс берді, ал олардың тапсырылуы 2008 жылдың аяғына белгіленді. ANA тапсырыс берілген ұшақтардың 30 жергілікті әуе линияларына арналған Boeing 787-3 (бір класста 290-330 орынды), қалған 20 орта магистральді халықаралық қатынастарға арналған (мысалы, Токио Нарита - Бейжің) Boeing 787-8 нұсқасында (екі класста 210-250 орын) тапсырыс берді. Ұшақ ANA әуе компаниясына бұрын болмаған Денвер, Мәскеу және Нью-Дели қалаларына жаңа бағыттарды ашуға мүмкіндік берді. Boeing 787-3 және Boeing 787-8 ұшақтың алғашқы нұсқалар болды, ал Boeing 787-9 қолданысқа 2010 жылы енгізілмек болды.
Жобалануы 787 ұшағын өдіруде алғаш рет көп алюмини беттері мен 50 000 біріктіру элементінің орнына бір алюминий құймыснан тұратын секциялар қолданылған. Boeing ұшаққа екі қозғалтқыш түрін таңдап алды: General Electric GEnx және Rolls-Royce Trent 1000. Boeing 787-ні жасауда композитті материалдардың қолданылуы оның 767-ге қарағанда 20 %-ға үнемдірек екенін, қозғалтқыштың пайдалылығы шамамен 40 %-ға жақсарғанын, аэродинамиканың жақсартылғанын хабарлады. 787-8 бен -9 ETOPS бойынша 330 минуттық ұшуға сертификатталуы керек болды.
Жобалау барысында 787 моделі Boeing комапаниясының Transonic Wind Tunnel тоннелінде, QinetiQ компаниясының Франбородағы (Ұлыбритания) 5-метрлік аэродинамикалық трубасында, NASA-ның Ames Research орталығының аэродинамикалық трубасында, Францияның аэродинамиканы зерттеу агенттігінде (ONERA) сынақтан өтті. Соңғы нұсқаның сырт көрінісі қарапайым болап келді: алғашқыда ұсынылған ұшақтың ұшы мен кабина терезелері қарапайымға алмастырылды. 2004 жылдың соңында ұшаққа тапсырыстар саны 237-ге жетті. Алғашында 787-8 нұсқасы $ 120 млн бағаланды, бұл өндірісті таң қалдырған төмен нәтиже болды. 2007 жылы бағалар келесідей болып өзгертілді: 787-3 нұсқасы $ 146-151,5 млн, 787-8 нұсқасы $ 157-167 млн және 787-9 нұсқасы $ 189-200 млн.
Қолданысқа енгізілуі
Нұсқалары Dreamliner-дің ең алғашқы нұсқасы, қысқалау Boeing 787-8, 2009 жылдың желтоқсанында ұша бастады. Кейінірек ұзағырақ Boeing 787-9 2013 жылдың қыркүйегінде, одан кейін ең ұзын нұсқасы Boeing 787-10 2017 жылдың наурызында ұша бастады. Бұл нұсқалар ИКАО ұшақ типінің белгілеушілерінің тізімінде сәйкесінше Boeing 788, Boeing 789 және Boeing 78X деп аталады. Қысқа қашықтықтағы Boeing 787-3 2010 жылы жойылды.
Boeing 787-8
Бастапқы Boeing 787-8 қанатының кеңдігі 56,7 м (186 фут). Әдеттегі сыйымдылығы 242 жолаушы және 7 355 теңіз милі (13 621 км; 8 464 миль) қашықтығы бар −8 787 отбасының базалық үлгісі болып табылады және 2011 жылы қызметке бірінші болып кірді. Boeing 787-8 ескірген Boeing 767-300ER және Airbus A330-200 ұшақтарын ауыстыруға, сондай-ақ бұрын үлкен ұшақтар үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған, жаңа нарықтарды кеңейтуге бағытталғанhttps://simpleflying.com/boeing-787-increased-connectivity-new-city-pairs/. 2019 жылдың қазан айында Boeing 787 тапсырыстың шамамен 29% Boeing 787-8 нұсқасы болды.
Boeing 787-9
Boeing 787-8 сияқты қанатының кеңдігін сақтай отырып, Boeing 787-9 ұзартылған және күшейтілген нұсқа болып табылады, фюзеляж 20 фут (6,1 м) ұзағырақ және жоғары максималды ұшып көтерілу салмағы (MTOW) 54 500 фунт (24 700 кг). Ұшу қашықтығы 7 635 теңіз милі (8 786 миль; 14 140 км), үш класты конфигурацияда 296 жолаушыға арналған 787 Dreamliner performance summaryhttps://www.boeing.com/commercial/787/by-design/#/all-model-performance-summary. Boeing 767-400ER және Airbus A330-300 ұшақтарын ауыстыруға бағытталған. Ол Airbus A330-900бен бәсекелеседі.
Boeing 787-10
2017 жылдың 17 ақпанында Boeing 787 ең ұзын нұсқасы 68,3 метрлік Boeing 787-10 шықты.
2005 жылдың желтоқсанында Emirates және Qantas сұрауы бойынша Boeing 787-9 ұшағын 290-нан 310 жолаушыға дейін кеңейту мүмкіндігін зерттей бастады. Зерттеу барысында Boeing 787 әзірлеу бағдарламасы бойынша Boeing вице-президенті Майк Бэйр, сондай сыйымдылыққа басқа тұтынушылар қызығушылық білдірсе, бірден Boeing 787-10 әзірлеуді жалғастыру оңайырақ болғанын айтты. 2013 жылдың 30 мамырында Singapore Airlines 2018–2019 жылдары жеткізілетін 30 787-10 (Боинг бағдарламаны іске қосқан жағдайда) тапсырыс беретінін мәлімдеп, алғашқы тапсырыс беруші болды. 2013 жылдың 18 маусымында Boeing Париждегі Әуе Шоу барысында 102 ұшағына тапсырыстары немесе міндеттемелері бар Boeing 787-10 ұшағын сатты. Сатып алушылардың арасында Air Lease Corporation (30), Singapore Airlines (30), United Airlines (20), және British Airways (12) болды https://web.archive.org/web/20180719132838/http://active.boeing.com/commercial/orders/displaystandardreport.cfm?cboCurrentModel=787&optReportType=AllModels&cboAllModel=787&ViewReportF=View+Report.
Техникалық сипаттамасы +787 техникалық сипаттамасыModelBoeing 787-8Boeing 787-9Boeing 787-10Экипаж саныЕкеуЖолаушылар саны, 2-кластық242: 24J @85" + 218Y @32"290: 28J @85" + 262Y @32"330: 32J @85" + 298Y @32"Жолаушылар саны, 1-кластықMax. 359, exit limit 381Max. 406, exit limit 420Max. 440, exit limit 440Ұзындығы56.72 м.62.81 м.68.28 м.ҚанатыКөлемі 377 м.Қанат кеңістігіҰзындығы 60.12 м., орта аккорд 6.27 м.Биіктігі16.92 м.17.02 м.ФюзеляжКабинаның ені: 5.49 метр Сыртқы ені: 5.77 метр. Биіктігі: 5.94 м.Жүк сыйымдылығы136.7 м³ 28 LD3 or 9 (88×125) pallets172.5 м³ 36 LD3 or 11 (96×125) pallets191.4 м³ 40 LD3 or 13 (96×125) palletsМаксималды ұшу салмағы227,930 кг.254,011 кг.Максималды жүктеме43,318 кг.52,587 кг.57,277 кг.Жүксыз жұмыс салмағы119,950 кг.128,850 кг.135,500 кг.Жанармай сыйымдылығы126,206 литр 101,323 кг.126,372 литр 101,456 кг.ЖылдамдығыМаксимум.: Mach 0.90 (516 kН; 956 км/сағ) мах; Круиздық: 0.85 (488 kН; 903 км/сағ) махҚашықтағы13,620 км.14,140 км.11,910 км.Ұшуға қажетті қашықтық (Takeoff)2,600 м.2,800 м.2,800 м.Максималды ұшу биіктігі (ceiling)13,100 м.12,500 м.Қозғалтқыштар (×2)General Electric GEnx-1B or Rolls-Royce Trent 1000Тарту күші (×2)64,000 фунт (280 kN)71,000 фунт (320 kN)76,000 фунт (340 kN)
Апаттар
Тағы қараңыз Airbus A350 XWB Дереккөздер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Boeing ұшақтары Санат:Жолаушы ұшақтары
