Қостөбе (1993 жылға дейін — Головановка)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Қостөбе ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 км-дей жерде, жусан аралас сұлыбас, бидайық басым өскен қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, төбелі-жонды келген таудың құрғақ шөлейт белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15111553 2056 132,4 779 1021 131,1 774 1035 133,7

Тарихы Жамбыл ауданы құрамындағы "Жамбыл" кеңшары 1932 жылы құрылған. Қостөбе ауылы "Жамбыл" кеңшарына қарасты елді мекен болған. Кеңшардың міндеті қызылша ұрығын дайындау болатын. Шамамен 1932 жылдардан бастап Қостөбе ауылына үйлер салына бастаған.

Атау тарихы Ауыл атауының "Қостөбе" аталуының себебі: Қызыл Жұлдыз ауылы мен осы ауыл екеуінің арасында екі үлкен қос төбе болған. Сол төбеге айланысты ауыл аты Қостөбе аталып кеткен. Қазіргі уақытта бұл төбелердің біреуі тегістеліп кеткен. Қазақстанда ұжымдастыру жүріп жатқанда осы аталған ауылға Голованов деген христиан жер ауып, сауда орталығын ұйымдастыру мақсатында келген. Осында тұрып көп жыл бойы қызмет еткен. Осы кісінің атымен ауылды "Головановка" деп 1993 жылға дейін атап келген. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрақасының 04.05.1993 жылғы №2189-ХІІ қаулысымен атауы қайтадан "Қостөбе" болып өзгертілді. 1996 жылға дейін Жамбыл ауданының арнайы бірлестігінің бөлімшесі болып келді. 1997 жылы Байзақ ауданына ауысты.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Ауылда өндірістік кооператив және бірнеше шаруа қожалықтары ұйымдасты.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлі-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Байзақ ауданы елді мекендері