Аймантөбе — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыкемер ауылынан солтүстікке қарай 10 км жерде орналасқан. Кеңес дәуірі кезеңінде "Ленин" аталып келген. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы мемлекеттік ономастикалық комиссиясының 06.02.1997 жылғы ұйғарымымен ауыл "Аймантөбе" болып қайта аталды.
Ауылдың батысында "Аймантөбе" деп аталатын тарихи қорым бар. Ол атаудың шығу тарихы туралы ауылдың көнекөз қарияларының айтуы бойынша, осы жерден көшіп бара жатқан көштегі бір байдың сұлу, ерке қызы науқастанып қайтыс болып, осы төбеге жерленеді. Қайтыс болған қыздың есімімен төбе "Аймантөбе" аталып кеткен екен.Жамбыл облысының топономикалық атаулары
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен695844 1250 148,1 419 633 151,1 425 617 145,2
Дереккөздер
Санат:Байзақ ауданы елді мекендері