Есіл темір жол стансасы – 1-санатты телімдік станса. Қостанай, Астана және Арқалық бағыттарына қызмет көрсетеді. Ақмола – Қарталы жаңа темір жолын салуға байланысты 1939 жылы зерттеу жұмыстары аяқталды. 1939 жылы 8-мамырда Алматыдан келген 500 комсомол жастар мен жақын жердегі Бірлік, Рассвет, Игілік елді мекендерінің жұмысшылары Есіл – Қарталы темір жол стансаның құрылысын бастады. Қазіргі кезде Есіл темір жылы торабында 12 мекеме бірлесіп жұмыс істейді: депо, техникалық қызмет көрсету пункті, жол машина станса, т.б. Олар Есіл станса арқылы өтетін темір жол көліктерінің еш кедергісіз, тоқтаусыз өтуін қамтамасыз етеді. Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер

Санат:Қазақстан темір жол бекеттері Санат:1939 жылы құрылған елді мекендер