Янкин Илларион ПавловичҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1957), алғашқы тыңгерлердің бірі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942). 1910 жылы Ресейде, Самара облысы, Сухоречка деревнясында туған.

Еңбек жолы 1930 жылы Куйбышев облысы "Новая пахарь" ауыл шаруашылығы артелінде колхозшы. 1934-1946 жылдары - Свердлов облысы Красногвардейск шахтасында забойшы, Красноуральск кен басқармасында учаске бастығы болды. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941-1945) ерен еңбегімен көзге түсті, кен қазуда көп перфораторлы бұрғылауды өндіріске енгізді. 1943 жылдан КОКП мүшесі. 1946-1947 жылдары Свердловск тау-кен институтының студенті. 1948-1954 жылдары Жоғарғы Пышма қаласындағы кеніш директоры. 1955-1957 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы, Октябрь ауданындағы (1963 жылы Сергеев, ал 1999 жылдан Шал ақын ауданы) Дзержинский атындағы совхоздың директоры қызметін атқарып, тың игеруде өз үлесін қосты.

Жетістігі Кен қазуда көп перфораторлы бұрғылауды өндіріске енгізгені үшін - КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1942)

Наградалары 2 мәрте Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1957) Медальдар

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии

Санат:Социалистік еңбек ерлері

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері