Халықаралық велосипедшілер одағы (, UCI) — халықаралық деңгейдегі велоспорт уақиғаларын бақылайтын велосипедтік қауымдастық.

Тарихы Қауымдастық Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және АҚШ ұлттық велоспорт федерацияларының өкілдерімен 1900 жылдың 14 сәуірінде Париж қаласында құрылған.

1965 жылы Халықаралық олимпиада комитетінің нұсқауымен кәсіпқой және әуесқой велошабандоздарды ажырату үшін екі бөлек федерация құрылды. Сол кезде Халықаралық әуесқой велоспорт федерациясының (Fédération Internationale Amateur de Cyclisme немесе FIAC) штаб-пәтері Люксембургте, ал Халықаралық кәсіпқой велоспорт федерациясының (Fédération Internationale de Cyclisme Professionnel немесе FICP) штаб-пәтері Рим қаласында орналасқан еді. UCI бұл екі федерациялардың арасында координациялық рөлін сақтады. 1992 жылы Шығыс блоктың ыдырағаныннан кейін екі федерация қайтадан UCI-ға қосылды.

Қазіргі кезде UCI штаб-пәтері Эгль (Швейцария) қаласындағы World Cycling Centre орталығында орналасқан.

Президенттері thumb|200px|солға|Патрик МакКуэйд, UCI-дің қазіргі президенті. Президенттер Ел Қызмет еткен жылдарыЭмиль де Бакалор 1900—1922Леон Бретон 1922—1936Макс Бурги 1936—1939Албан Коллиньон 1939—1947Ахилл Жуэнард 1947—1958Адриана Родони 1958—1981Луис Пуг 1981—1990Хайн Вербрюгген 1991—2006Патрик МакКуэйд 2006 — қазіргі уақыт

Сыртқы сілтемелер UCI official website (ағыл.)

Санат:Велоспорт