Дэвид Эндрю Лео Финчер (; 28 тамыз, 1962, Денвер, Колорадо) — америкалық кинорежиссер, продюсер және клипмейкер. Оның фильмдері, негізінен психологиялық триллерлер мен өмірбаяндық драмалар 40 «Оскар» номинациясын алды, оның ішінде үшеуі «Үздік режиссер» санатында.
Өмірбаяны Дэвид Финчер 1962 жылдың 28 тамызында Колорадо штатының Денвер қаласында дүниеге келді, бірақ Калифорнияда өсті. «Буч Кэссиди және Сандэнс Кид» (, 1969) вестернін көргеннен кейін өзінің тағдырын кинематографпен байланыстыруды шешті. 8 жасында қолына бірінші рет кинокамераны алып, өзінің фильмдерін түсіре бастады.David Fincher > Biography — AllMovie
Кәсіби түсірілімдерде тәжірибе алу үшін ол 18 жасында Korty Films студиясына қарапайым жұмысшы ретінде (камераларды ауыстыру және орнату) жұмысқа кіреді. 1980 жылы Джордж Лукастың «Жұлдызды соғыстар» эпопеясының екінші фильмі «Империяның кері соққысы» Финчерге өте қатты әсер етеді.
20 жасында ол Лукастың «ILM» спецэффекттерін өндіретін компаниясына кіріп, «Джедайдың оралуы», "Индиана Джонс және тағдыр ордасы" және "Шексіз әңгіме" фильмдерінің өндірісіне қатысады
1984 жылы Финчер жарнама өндіру ісімен айналысу үшін «ILM» компаниясынан шығады. Жаңа ісінде оны табыс күтеді. Оның ең бірінші-ақ жарнамасы америкалық көрермендердің назарын аударады. Шытулы жарнамасында ол ана құрсағындағы темекі шегіп отырған сәбиді көрсетеді. Жана ұсыныстар оны күттірмейді. Кейін Финчер «Revlon», «Nike», «Pepsi», «Coca-Cola» және «Levi's» сияқты компанияларға жарнамалар түсіреді.
1986 жылы Финчер «Propaganda Films» студиясына жұмысқа кіреді. Ол жерде Дэвид үлкенбюджетті музыкалық бейне клиптер түсіре бастайды. Мысалы, Aerosmith тобының «Janie’s Got A Gun», The Rolling Stones тобының «Love Is Strong» және Джордж Майклдың «Freedom» бейнеклиптері. Ең көп атақ-даңқты Финчер Мадоннаның «Bad Girl» және «Vogue» өлеңдеріне клип түсіру арқылы алды.
1992 жылы Финчер өзінің алғашқы толықметражды «Бөгде 3» (Alien 3) фильмін түсіреді. Бірақ ол тек мазақ ретінде саналады. Кейін Финчер ақталып, ең жас талапты режиссерлер қатарына кіреді. «Бенджамин Батоннын жұмбақ оқиғасы» Оскар сыйлығының 13 номинациясын алды, ал «Әлеуметтік желі» америкалық баспасөзде ешбір жағымсыз рецензия алмайды.
Фильмография
Бейнеклиптер
1985 — Shame, The Motels 1986 — All The Love, The Outfield 1986 — Everytime You Cry, The Outfield 1986 — One Simple Thing, The Stabilizers 1987 — She Comes On, Wire Train 1987 — Endless Nights, Эдди Мани 1987 — Downtown Train, Патти Смит 1987 — Johnny B, The Hooters 1987 — Storybook Story, Марк Нопфлер 1987 — No Surrender, The Outfield 1987 — Don’t Tell Me The Time, Марта Дэвис 1988 — Heart of Gold, Johnny Hates Jazz 1988 — Englishman in New York, Стинг 1988 — Shattered Dreams (second version), Johnny Hates Jazz 1988 — Get Rhythm, Рай Кудер 1988 — Roll With It, Стив Уинвуд 1988 — The Way That You Love Me (first version), Пола Абдул 1988 — Holding On, Стив Уинвуд 1989 — Bamboleo (second version), Gipsy Kings 1989 — Straight Up, Пола Абдул 1989 — Real Love, Джоди Уотли 1989 — Bamboleo (third version), Gipsy Kings 1989 — She’s A Mystery To Me, Рой Орбисон 1989 — Forever Your Girl, Дон Хенли 1989 — Oh Father, Мадонна 1989 — The End Of The Innocence, Дон Хенли 1989 — Cold Hearted, Дон Хенли 1989 — Janie’s Got a Gun, Aerosmith 1990 — Vogue, Мадонна 1990 — Cradle of Love, Билли Айдол 1990 — L.A. Woman, Билли Айдол 1990 — Freedom '90, Джордж Майкл 1993 — Bad Girl, Мадонна 1993 — Who Is It (second version), Майкл Джексон 1994 — Love Is Strong, The Rolling Stones 1996 — 6th Avenue Heartache, The Wallflowers 2000 — Judith, A Perfect Circle 2005 — Only, Nine Inch Nails 2013 — Suit & Tie, Джастин Тимберлейк
Дереккөздер
Санат:BAFTA марапаты иегерлері Санат:Алтын глобус сыйлығының иегерлері Санат:Спутник сыйлығының иегерлері Санат:Сезар сыйлығының иегерлері Санат:Грэмми сыйлығының иегерлері Санат:Эмми сыйлығының иегерлері Санат:MTV Video Music Awards жеңімпаздары