Покровка – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы ауыл, Пригородный ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Мамлют қаласынан шығысқа қарай 4 км-дей жерде.

Тарихы Іргесін 1895 жылы Полтава мен Чернигов губернияларынан қоныс аударған шаруалар қалаған. 1929 жылдан кеңшардың орталығы болды. 1996 жылы кеңшар негізінде ұжымдық кәсіпорын құрылды. Покровка арқылы Петропавловск — Мамлютка — Қорған (Ресей) автомобиль жолы өтеді.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1093 адам (526 ер адам және 567 әйел адам) болса, 2009 жылы 1002 адамды (510 ер адам және 492 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Мамлют ауданы елді мекендері