Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы — УЕФА и ФИФА ұйымдастыруымен өтетін футзалдан жарыстарға Қазақстан атынан қатысатын ұлттық құрама команда.
2024 жылы Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатынан кейін жаңартылған УЕФА рейтінгісінде Қазақстан ұлттық құрамасы Португалиядан кейін екінші орынға көтерілді (2699.121 ұпай). Ал 2024 жылдың қазан айында жаңартылған ФИФА рейтінгісінде 8-орыннан 5-орынға көтерілді. Қазақстаннан жоғары Бразилия, Португалия, Аргентина, Испания құрамалары орналасты.
Тарихы Қазақстан футзалы 1994 жылы Қазақстан ФИФА мен АФК қауымдастықтарына толық құқылы мүшесі ретінде қабылданды.
2002 жылға дейін АФК-да өнер көрсетті, 2002 жылдан бері УЕФА сапында өнер көрсетеді. Еуропа чемпионаттарында бес рет ойнаған.
Құрама команда 1996 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иран астанасы Тегеранда III Әлем чемпионатының іріктеу турниріне қатысып, ФИФА аясында алғашқы ресми турнирін өткізді.
1999 жылы футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Азия футбол конфедерациясының ресми турниріне алғаш рет қатысты. Олар Малайзия астанасы өткен І Азия чемпионатында сынға түсіп, қола жүлде жеңіп алды.
2000 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатына күміс жүлдені жеңіп алды. Бұл жетістік арқылы Қазақстан құрамасы футзалдан IV Әлем Чемпионатына жолдама алды. Спорттың бұл түрінен Қазақстан тұңғыш рет финалдық кезеңге өтті.
2001 жылы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иранның астанасы Тегеранда өткен III Азия чемпионатына қатысты. Топтық кезеңде қарыластардан озып шыққан команда ширекфиналда Жапония құрамасынан ұтылады.
Қазақстан футзал клубтары 1993 жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ұлтаралық Кубоктың жеңімпазы атанды.
Сол жылы Алматылық «Мерей» футзалдан әйелдер арасындағы І Ресей ашық чемпионатында жеңіске жетті.
2002 жылы Алматылық «Әліби» мини-футбол клубы футзалдан УЕФА Кубогына қатысты. Қазақстандық клубтың топтық кезеңдегі қарсыластары «Зрински Карака» (Босния және Герцеговина), «Клирекс» (Польша) және «Антена 3 Бумеранг» (Испания) атанды. Топтық кезеңдегі барлық матч Босния және Герцеговинада өтті. Қазақстандық футболшылар алаң иелерінен 1:3, испаниялықтардан 1:11 есебімен жеңілді. Ал, польшалық клубпен 4:4 есебімен тең ойнады.
2006 жылы футзалдан Қазақстан чемпионы «Қайрат» (Алматы) халықаралық деңгейдегі ірі табысқа қол жеткізді. Олар 2005/2006 жылғы УЕФА Кубогының жартылай финалына шықты.
2008 жылы футзалдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияда өткен 2008 жылғы Еуропа Чемпионатына іріктеу турнирін ұтты. Бас бапкердің қызметін атқарушы Әміржан Мұқанов бастаған құрама Венгрия, Беларусь және Латвияны ұтып, финалдық турнирге жолдама алды.
2011 жылғы 29 сәуір—1 мамыр аралығында Қазақстанда тұңғыш рет футзалдан УЕФА Кубогының төртеудің финалы өткізілді. Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті. Нәтижесінде алматылық «Қайрат» кола жүлдеге ие болды.
2013 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» тұңғыш рет УЕФА Кубогының чемпионы атанды.
2014 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» еліміздің тарихында тұңғыш рет Әлем Суперкубогының иегері атанды.
2015 жылы футзалдан алматылық «Қайрат» екінші рет УЕФА Кубогының жеңімпазы атанады. Финалдық ойында Какау командасы атақты «Барселонаны» ұтты.
УЕФА Рейтингі УЕФА клубтық рейтингі еурокубоктардағы барлық еуропалық клубтардың нәтижелері негізінде жасалады. Қауымдастықтың клубтық рейтингін немесе елдің рейтингін есептеу кезінде оның барлық клубтарының нәтижелері ескеріледі. Ол келесі маусымға арналған еурокубоктардағы қауымдастық өкілдерінің санын анықтау үшін қолданылады.
УЕФА-ның футзалдан ерлер құрамасының коэффициенттері Эло алгоритмі бойынша барлық іріктеу матчтары мен финалдық кезеңдердегі бірінші ерлер құрамасының нәтижелері негізінде есептеледі. Коэффициенттер УЕФА турнирлерін жеребе тастау кезінде ұлттық құрамалардың топқа бөлуін анықтау үшін қолданылады. Командаларға берілетін немесе жазаланатын ұпайлар саны бір-бірімен ойнайтын екі команда арасындағы салыстырмалы күштің функциясы болып саналады. Жүйе 2020 жылғы Әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің басынан бастап енгізілді.
Ресми турнирлердегі ересектер құрамасының барлық матчтары (футзалдан еуро және футзалдан Әлем чемпионаты, іріктеу және финалдық турнирлер) есептеледі. Жолдастық матчтар есепке алынбайды. Рейтинг кестесіне кіру үшін команда коэффициенттерге әсер ететін кем дегенде екі матч ойнауы керек және алдыңғы 36 айда белсенділікті көрсетуі керек. Жаңа команда рейтинг кестесіне енген кезде, оған сол кезде кестені жабатын команданың коэффициенті беріледі.
Футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионаты
2016 жылы футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы ойынын Ресей құрамасымен өткізді. Ромуло соққан екі голдан кейін Ресей құрамасы алға шықты. Бір минут өткеннен кейін Игита пасын қақпаға бағыттаған Серік Жаманқұлов есеп айырмасын қысқартты. Бұл Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатының тарихында соғылған алғашқы голы болды. Есеп 2:1.
Еуропа чемпионатында екінші ойынын Хорватия құрамасымен өтті. Қазақстан құрамасы 6-минутта есеп ашты. Павел Такудың соққысынан кейін қақпа бағанасынан қайтқан допты Дуглас гол соқты. Алайда бір минуттан соң Хорватия ойыншылары қарымта қайтарды. Дегенмен, Дінмұxамбет Сүлейменов 15 секундтан кейін есепті еселеді. Одан кейін Серік Жаманқұлов екі гол соқты, ал Хорватия ойыншылары есеп айырмасын қысқарта алды. Қорытынды есеп - 4:2. Қазақстан құрамасы тариxи жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты.
Қазақстан құрамасы топтан екінші орынмен шығып, ширек финалда Еуропа чемпионы Италия құрамасымен кездесті.
Ойынның 16-минутында команда капитаны Дінмұхамбет Сүлейменовтің бұрыштама добынан берген пасынан кейін Лео қақпаға дәл соққы бағыттап, есеп ашты. Үш минуттан кейін Леоның пасын ұтымды пайдаланған Серік Жаманқұлов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның алғашқы бөлігі осы есеппен аяқталды.
Екінші таймда Фортина есеп айырмасын қысқартқанымен, Шыңғыс Есенаманов гол салып, есепті ұлғайтты. Италия құрамасы алаңда бесінші ойыншы шығарып, тағы бір гол соқты. Голдың авторы - Мауро Каналь. Алайда, әрі қарай тек қазақстандық футболшылар мергендік танытты. Алдымен Дәурен Нұрғожин Шыңғыс Есенамановтың пасын тиімді пайдаланса, соңғы секундта Лео бос тұрған қақпаны дәл көздеп, кездесу нәтижесін түйіндеді. Қорытынды есеп - 5:2.
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының жартылай финалында Испания құрамасымен кездесті. Өкінішке қарай, бас бапкер негізгі құрамның екі ойыншысының көмегіне жүгіне алмады. Қақпашы Игита ескерту алуына байланысты жартылай финалға қатыса алмаса, Шыңғыс Есенаманов жарақатына байланысты алаңға шыға алмады.
Дугластың пасын Александр Довгань голға айналдырды. Бірінші таймның соңына дейін Испания ойыншылары қарсыластарының қателіктерін пайдаланып, 3:1 есебімен алға шықты. Ойынның екінші жартысы Қазақстан ойыншылары сәтсіз басталды. Үлкен күшпен шабуылға ұмтылған ойыншылар бос қақпаға гол соқтырып алды. Дегенмен, қазақстандықтар есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты. Алдымен, Михаил Першин пасын Лео ұтымды пайдаланса, кейін Дугластың соққысынан кейін Серік Жаманқұлов допты қақпаға дарытты. Алайда, соңғы голды Испания футболшылары соқты. Рауль Кампос соңғы минутта ойындағы екінші голын салды.
2016 Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 22 қаңтар 2016 Жолдастық матч — 3–1 23 қаңтар 2016 Жолдастық матч — 3–1 29 қаңтар 2016 Жолдастық матч — 5–5
Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 3 ақпан 2016 Футзалдан Еуропа чемпионаты 2016 Белград 2–1 5 ақпан 2016 Футзалдан Еуропа чемпионаты 2016 Белград 4–2 9 ақпан 2016 Футзалдан Еуропа чемпионаты 2016 Белград 5–2 11 ақпан 2016 Футзалдан Еуропа чемпионаты 2016 Белград 5–3 13 ақпан 2016 Футзалдан Еуропа чемпионаты 2016 Белград 2–5
Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 9 тамыз 2016 Жолдастық матч — 6–1 10 тамыз 2016 Жолдастық матч — 4–2 20 тамыз 2016 Жолдастық матч — 3–3 21 тамыз 2016 Жолдастық матч — 0–9 23 тамыз 2016 Жолдастық матч — 3–3 5 қыркүйек 2016 Жолдастық матч — 1–2
Футзалдан 2016 жылғы әлем чемпионаты
Колумбияда басталған футзалдан 2016 жылғы Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Аргентинамен өткізіп, 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды бірінші таймның аяқталуына 38 секунд қалғанда Аламиро Вапораки соқты.
Футзалдан Колумбияда өтіп жатқан Әлем Чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші ойынын Коста-Рика құрамасымен өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл Қазақстан құрамасының Әлем Чемпионаты тарихындағы алғашқы жеңісі.
Қазақстан құрамасы Әлем Чемпионатында өз тобындағы соңғы ойында Соломон аралдарын 10:0 есебімен ұтып, алғша рет плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 22 наурыз 2016 ӘЧ-2016 іріктеу кезеңі 1–1 12 сәуір 2016 ӘЧ-2016 іріктеу кезеңі 7–0 12 қыркүйек 2016 FIFA Futsal World Cup 2016 1–0 15 қыркүйек 2016 FIFA Futsal World Cup 2016 1–3 18 қыркүйек 2016 FIFA Futsal World Cup 2016 10–0 21 қыркүйек 2016 FIFA Futsal World Cup 2016 5–2
2017 Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 6 ақпан 2017 Жолдастық матч — 0–1 8 ақпан 2017 Жолдастық матч — 3–0 8 сәуір 2017 EURO-2018 іріктеуі Алматы 3–0 9 сәуір 2017 EURO-2018 іріктеуі Алматы 5–0 11 сәуір 2017 EURO-2018 іріктеуі Алматы 0–3
Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 9 қыркүйек 2017 Жолдастық матч — 0–0 10 қыркүйек 2017 Жолдастық матч — 1–2 12 қыркүйек 2017 Жолдастық матч — 2–4 3 желтоқсан 2017 Жолдастық матч — 3–3 4 желтоқсан 2017 Жолдастық матч — 2–1 6 желтоқсан 2017 Жолдастық матч — 3–3 2018 Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 1 ақпан 2018 European Futsal Championship-2018 — 1–5 3 ақпан 2018 European Futsal Championship-2018 — 1–1 5 ақпан 2018 European Futsal Championship-2018 — 1–3 9 ақпан 2018 European Futsal Championship-2018 — 5–5 10 ақпан 2018 European Futsal Championship-2018 — 1–0 19 қыркүйек 2018 Жолдастық матч — 1–3
2019 Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 1 ақпан 2019 Жолдастық матч — 2–1 2 ақпан 2019 Жолдастық матч — 0–0 22 қыркүйек 2019 «Каспий кубогы-2019» Астрахань 1–2 23 қыркүйек 2019 «Каспий кубогы-2019» Астрахань 1–1 25 қыркүйек 2019 «Каспий кубогы-2019» Астрахань 2–5
Футзалдан 2021 жылғы Әлем чемпионаты
2020 жылы Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Румыния (1:3), Словения (4:3) және Чехия (5:2) командаларымен элиталық раундта ойнап, 2020 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Литваға жолдама алды.
2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында төртінші орын алып, тарихтағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Рикардо Кака бастаған құрама топтық кезеңде Коста-Рика (6:1), Литва (3:0) және Венесуэламен (1:1) кездесті.
⅛ финалда команда Таиланд құрамасын ойсырата жеңді (7:0), ал ширек финалда қазақстандықтар драмаға толы кездесуде Иранды (3:2) ұтты. Қазақстан құрамасы әлемнің үздік төрт командасының қатарына кіріп, мундиалдың финалына шығуға бір қадам қалғанда пенальти сериясында болашақ әлем чемпионы Португалияға жол берді. Қола медаль үшін болған ойында Қазақстан құрамасы Бразилия құрамасынан 2:4 есебімен ұтылды.
Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор мундиалдың қола добын иеленді, ал ұлттық құрама шабуылшысы Тайнан 6 гол соғып, турнирдің үшінші бомбардирі атанды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы әділ ойыны үшін ФИФА-ның «Fair Play» арнайы сыйлығымен марапатталды. Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 23 қазан 2019 Futsal World Cup іріктеуі — 4–0 24 қазан 2019 Futsal World Cup негізгі раунд — 0–5 26 қазан 2019 Futsal World Cup негізгі раунд — 4–2 Күні Жарыс атауы Өткен жері Команда 1 Есеп Команда 2 3 ақпан 2020 ӘЧ-2020 элиталық раунд — 1–3 4 ақпан 2020 ӘЧ-2020 элиталық раунд — 3–4 5 ақпан 2020 ӘЧ-2020 элиталық раунд — 5–2 Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты