Ақсүйек — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл (2013 жылға дейін кент), Ақсүйек ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 128 км-дей жерде, Алматы-Қарағанды автомобиль жолының Ақсүйек өзенімен қиылысқан тұсында, шөлді белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен15641231 839 68,2 602 419 69,6 629 420 66,8

Тарихы Іргесі 1959 жылы осы маңда уран кен орнын игеруге байланысты қаланған. Жақын темір жол стансасы - Бурылбайтал (65 км жерде).

Инфрақұрылымы Кентте орта мектеп, клуб, кітапхана, дәріхана бар.

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері