Әбдір СағынтаевҚазССР Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987 - Социалистік Еңбек Ері (1949), зоотехник-агроном, ҚазССР-інің еңбек сіңірген мал шаруашылығы шебері. 7 қараша, 1921 жылы Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында туған.

Өмірбаяны мен еңбек жолдары 1948 жылдан КОКП мүшесі. 1941-1943 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1940 жылы еңбек жолын бастаған. 1943-1954 жылдары "Талас" совхозында шопан, зоотехник, ферма меңгерушісі. 1948 жылы ол басқарған ферма мемлекетке қаракөл елтірісінің 80%-ін 1-сортпен өткізді. 1954-1956 жылдары Қапланбек зоотехникумы жанындағы 2 жылдық курстың тыңдаушысы. 1957-1985 жылдары "Талас" мемлекеттік асыл тұқымды мал зауытының директоры. 1967 жылы жүз саулықтан 147, 1982 жылы 126 қозы алып, аман өсірді. 1966-1971 жылдары КОКП Орталық Тексеру комиссиясының мүшесі болды. 6-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттар З мәрте Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1949) Қызыл Жұлдыз ордені "Еңбек Қызыл Ту" ордені "Құрмет Белгісі" ордені

Дереккөздер

АЛТЫН ТӨС

Санат:Социалистік еңбек ерлері