Жүргізуші куәлігі (көбінесе — «құқығы») — көлік құралдарының әртүрлі санаттарын басқаруға (жүргізуге) құқығын растайтын құжат.
Жүргізуші куәлігі көбінесе мынадай көрінетін элементтерден тұрады:
1) жүргізуші және жүргізуші куәлігі туралы мәліметтер;
2) иесінің фотосуреті және қолы;
3) жол полициясы емтихан қабылдау бөлімшесінің мөрі;
4) интегралдық микросхема;
5) түс бетінде орналасқан мәліметтер сипаттамасы.
thumb|200px|right| Еуропа одағындағы жүргізушілер куәлігі санаттарының айырмашылығы. Интегралдық микросхема мынадай мәліметтерді құрайды:
жүргізуші куәлігі туралы: сериясы мен нөмірі; берілген күні; емтихан қабылдау бөлімшесі мөрінің нөмірі; жүргізуші туралы: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні және жері; тұрғылықты жері; салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН); жеке басын куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі және берілген күні; фотосуреті; көлік құралын жүргізу рұқсаты туралы: рұқсат етілген санаттар; жүргізуші куәлігінің жарамды болу мерзімінің аяқталуы; айрықша белгілер' Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
http://www.touristart.ru/advice/1133-mbu.html Information from the European Union in driving licences throughout the Community
Санат:Құжаттар Санат:Транспорт Санат:Тұлғаларды сәйкестендіру