нобай|оңға|Bombardier CRJ ұшағы Bombardier Inc. (Бомбардье́ деп айтылады) — канадалық машина жасайтын компания. Штаб-пәтері Канаданың Квебек провинциясының Монреаль қаласында орналасқан.

Тарихы Компания Канаданың Валкурт қаласында 1942 жылы Жозеф-Арман Бомбардьемен L’Auto-Neige Bombardier Limitée деген атаумен құрылып, бастапқыда қармен жүретін көліктер жасауға маманданған. Әуе көліктерін жасаумен компания 1980 жж.-дан бастап айналыса бастады.

2003 жылы компания өзінің қар көліктерін, жол таңдамайтын көліктер мен гидроциклдер сияқты белсенді демалысқа арналған техника жасаумен айналысатын бөлімшесі Bombardier Recreational Products-тың 65% акцияларын сатылымға шығарып, теміржол мен авиациялық машина жасауға баса көңіл бөлетінін жариялады. 2012 жылға қарағанда BRP акцияларының 50% Bain Capital инвестициялық қорына, 15% Caisse de Dépôt & Placements du Québec-те, қалған 35% Бомбардье отбасына тиесілі.

Қожайындары мен басқарушылары Компания Бомбардье отбасымен басқарыладыАнастасия Дагаева. «Ангара с личными самолётами у меня нет», — Пьер Бодуан, президент и главный исполнительный директор Bombardier // Ведомости, 21.07.2009, № 133 (2403). Президент қызметін Пьер Бодуэн атқарады.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Bombardier CRJ