Аналды секс немесе аналды жыныстық қатынас - эрекцияланған жыныстық қатынас мүшесін сексуалды ләззат алу мақсатында адамның анусына немесе анусы мен тік ішегіне енгізу. See pages 270–271 for anal sex information, and page 118 for information about the clitoris. Аналды секстің бұдан басқа түрлеріне секс-ойыншықтарды қолдану, анус аймағында орындалатын оралды секс (анилингус), фингеринг жатады. Аналды секс ұғымы көбіне пенис-анус енгізілуіне қолданылғанымен, ақпарат көздері пенис-анус енгізілуін сипаттау үшін тек аналды жыныстық қатынас ұғымын қолданып, аналды секс ұғымын жалпы аналды сексуалды белсенділікті сипаттауға қолданады, және аналды мастурбацияға кері қойып, көбіне жұптар арасындағы белсенділікті сипаттайды.

Аналды секс көбіне ер гомосексуалдылықпен байланыстырылғанымен, зерттеулер көрсеткендей, барлық гей-ерлер аналды секспен айналыспайды, және гетеросексуалды жұптар арасында да жиі кездеседі. Аналды секстің кей түрлері тіпті лесбияндық сексуалды белсенділіктерде де кездеседі. Адамдар аналды секстен анустық жүйке ұштарының стимуляциясының әсерінен сексуалды ләззат алуы мүмкін, ал оргазм аналды енгізілудің , ер адамдарда қуық асты безінің стимуляциясының арқасында, әйел адамдарда деліктінің және қынаптың екінші реттік стимуляциясның арқасында тууы мүмкін. Дегенмен, кей адамдар аналды сексті ауыратын белсенділік түрі деп есептейді,, бұл көбіне психологиялық факторлармен байланысты.

Басқа да сексуалды белсенділік түрлеріндегідей, аналды секс барысында қатысушылар жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ/ЖЖБА) жұқтырту қауіпі бар. Анус пен тік ішектің осалдылығына байланысты, аналды секс жоғарғы қауіптегі сексуалды тәжірибе түріне жатады. Аналды және ректалды ұлпалар өте нәзік, және қынап тәрізді майланбайды, сол себепті оңай жарылып, инфекцияның берілуіне жол ашады, әсіресе майлаушы агент қолданылмаса. Мүшеқапсыз орындалған аналды секс сексуалды белсенділіктің ең қауіпті түріне жатады,, сондықтан денсаулық сақтау ұйымдары, мысалы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДҰ), қауіпсіз аналды секс тәжірибелеріне нұсқаулық етеді World Health Organization, Department of Reproductive Health and Research Global strategy for the prevention and control of sexually transmitted infections: 2006–2015. Breaking the chain of transmission , 2007, .

Мәдени көзқарас

Тағы қараңыз Жыныстық қатынас Жыныстық акт Вагиналды секс

Дереккөздер

Санат:Жыныстық қатынастар Санат:Сексология