Уаза (, ) — Францияның солтүстігіндегі департамент, Пикардия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 60. Әкімшілік орталығы — Бове. Халық саны 766,4 мың адам (департаменттер арасында 25-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы Жер аумағы 5887 км². Департамент арқылы Уаза өзені ағып өтеді. Атауы осы өзеннен шықса керек.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 4 округ, 41 кантон және 693 коммунаны қосады.
Тарихы Уаза — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Иль-де-Франс провинциясының аймағында пайда болған.
Тағы қараңыз Уаза департаментінің коммуналары
Сілтемелер Oise Tourist Board Conseil Général website (In French) Prefecture website (in French)
*