Естай Ишанов (1906, Қостанай облысы Жітіқара ауданы – 1.9.1944, Польша, Тарнобжег қ.) – Кеңес Одағының батыры (17.10. 1943).
Жетіру тайпасының Жағалбайлы руынан шыққан. 60-армияның 3-гвардиялы Бахмачг жеңіл артиллерия бригадасының 206-полкі құрамында соғысқан. Днепрдің батысындағы Медвин ауданында болған ұрыс кезінде гвардия кіші сержанты Ишанов жаудың 3 танкісін, қару-жарақ тиеген 7 автомашинасын, батальонға жуық жаяу әскерін жойды. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атанды. Висла өз-нен өту үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапты.
2-дәрежелі Отан соғысы 3-дәрежелі Даңқ Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том
Дереккөздер
Санат:20 мамырда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Жітіқара ауданында туғандар Санат:1 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:III дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы артиллеристері Санат:Свентокшиск воеводствосында жерленгендер Санат:Әулиекөл ауданы тұлғалары Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері