Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық зейнеттегі саясаткер, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті (1991–2019) және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының соңғы басшысы (1989–1991).
2010 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті — Елбасы ресми мәртебесіне ие болды.
Бұрын Назарбаев Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі (2019–2023), Нұр Отан ХДП төрағасы (2007–2022), Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (1995–2021), Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (1991–2022) лауазымдарының иесі болған. Қазақстан тәуелсіздігіне және өзінің президенттігіне дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы (1984–1989), КОКП ОК мүшесі (1986–1991), КОКП ОК Саяси бюро мүшесі (1990–1991), Қазақстан КП ОК хатшысы (1974–1984), Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы (1989–1991), КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10–11-шақырылымының Солтүстік Қазақстан облысынан депутаты (1979–1989), КСРО халық депутаты (1989–1991), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990), Қазақ КСР президенті (1990–1991) болды.
Назарбаевтың президенттігін саясаттанушылар және бақылаушылар жеке басына табынуы бар, авторитарлық, непотистік диктатура етіп сипаттайды. Назарбаев тұсында өткен сайлаулар ашық, әрі әділ өтпейтін және айтқан сөзіне қарамастан елде сөз бостандығы қатты шектелетін. 30 жылға жуық билікте болған Назарбаев әлемдегі билігі ең ұзақ болған монарх емес мемлекет басшыларының бірі болды.
2019 жылғы наурыздағы наразылық шараларына байланысты Назарбаев отставкасын жариялап, билікті өзіне жақын одақтасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа берді. Тоқаевтың 2019 жылы сайлануына қарамастан, Назарбаев қазақстандық саясаттағы билігі әлі де бар сұр кардинал ретінде қарастырыла берді, Қазақстан халқы ассамблеясы, Нұр Отан партиясы және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде ол 2022 жылғы ірі тәртіпсіздіктерге дейін өз ықпалын көрсете берді. 2022 жылғы референдумнан кейін көп ұзамай Елбасы ерекше атағынан айырылғанына қарамастан ол дербес құқығын, қолсұғылмаушылығын сақтап қалды, отбасы әлі де ықпалды.
Ерте жылдары және мансабы Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Үшқоңыр ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Абай атындағы Қазақ орта мектебіндегі оқуын аяқтады.
Метталург болуға ниеті бар Назарбаев 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 километр жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепродзержинск қаласында бар Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылғы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Бұл лауазымды кәсіпорын комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға дейді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін.
1978–1979 жылдары партияның Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болды. 1979 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
Билікке келуі нобай|солға|Алматы декларациясына қол қою рәсіміндегі Назарбаев (алдыңғы қатарда, сол жақтан екінші), 21 желтоқсан 1991 1984–1989 жылдары 43 жасында болған Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы ретінде (Қазақстан премьер-министрінің сол кездегі баламасы) одақ республикалары арасындағы ең жас басшы атанды. Бұл тағайындау Қазақстан компартиясы бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың тұсында орын алды. Бұл кезеңде Қайта құру саясаты Михаил Горбачёв кезінде баяу жүзеге аса бастады, ал Назарбаевтың өзі тәжірибелі саясаткер ретінде қарастырылды, өйткені оның көзқарастары мен ұстанымдары Хрущёв жылымығы мен 1965 жылғы кеңестік экономикалық реформа кезінде қалыптасқан болатын.
1986 жылғы желтоқсанда республика астанасы Алматы қаласында ереуіл басталды. Оған Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысының қызметіне Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұрын-соңды Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбин сайланғаны түрткі болды. Жастар ереуілі аяусыз жаншылды, оқиға қатысушылары қудаланды, тек 1989–1991 жылдары ғана қайта қаралды.
1989–1991 жылдары Назарбаев Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989–1992 жылдары КСРО халық депутаты болып сайланды. Сол уақытта 1990 жылғы ақпан-сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылғы 14 шілде мен 1991 жылғы 23 тамыз аралығында КОКП ОК Саяси бюросының мүшесі және 1981–1986 жылдары КОКП Орталық ревизиялық комиссиясының мүшесі еді. КОКП ОК мүшесі (1986–1991).
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР президенті лауазымы құрылып, оған Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп табылды.
1991 жылғы жазда Михаил Горбачёв пен Борис Ельцин жаңа одақтық келісімшартқа қол қою барысында Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер одағы үкіметінің төрағасы лауазымын иеленетін болды, алайда ТЖМК Тамыз бүлігі бұған кедергі келтірді.
Назарбаев КСРО-ны конфедерацияға айналдыруды қолдады.
Президенттігі 28 тамызда Қазақстан КП ОК пленумында президент Назарбаев КОКП-дан шығатыны туралы мәлімдеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бір ғана үміткердің қатысуымен Қазақ КСР-інің тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Назарбаев сайлаушылардың 98,7%-ын дауысын иеленді.
10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады, ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болды. 5 күн өткен соң осы статусымен КСРО-ның тарағанын растайтын ТМД мақсаттары мен принциптерінің Алма-Ата декларациясына қол қойылды.
1995 жылғы 29 сәуірде өткен референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылғы 10 қаңтарда Назарбаев 79,78% дауыспен президент болып сайланды.
2000–2010 жылдар 2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен сайлауда Назарбаев Қазақстан президенті болып қайта сайланды, сайлауда 91,15% дауыс жинады.
2010 жылғы 15 маусымда Елбасы – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті мәртебесі ресми бекітілді.
2010 жылғы 23 желтоқсанда Өскеменде өткен форумда ел президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс айтылды, ол үшін жалпыреспубликалық референдум өткізу керек еді. Ұсыныс білдірушілердің бірі – Олжас Сүлейменов болатын. Көп ұзамай 2011 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика парламентінің Қазақстан Республикасы Конституциясына қазіргі президенті өкілеттігін 2020 жылғы жалпыхалықтық сайлауға дейін ұзарту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға салу туралы ұсынысынан бас тартты. Бірақ қол жинау тоқтаған жоқ, сөйтіп 2011 жылғы 13 қаңтарда осы бастаманы қолдап 5 миллион 16 мың қол жиналды. 2011 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Парламенті Конституцияға түзету енгізуді бірауыздан қабылдады. 31 қаңтарда Қазақстан Конституциялық кеңесі сайлауды референдумға ауыстыру туралы заңды конституцияға сай емес деп тапты.Конституционный совет Казахстана признал незаконным продление полномочий Нурсултана Назарбаева Российская газета, 31.01.2011.
Сол күні халыққа жолдауында президент Конституциялық кеңестің шешімін қолдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды.Назарбаев отказался от референдума и решил провести досрочные выборы 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен сайлауда 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы есебі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 95,5% дауыс жинады. Конституция бойынша бір тұлға екі реттен артық қатарынан сайлауға қатыса алмайды, бірақ бұл шектеудің Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қатысы жоқ.
2015 жылғы наурызда Назарбаев 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауына қатысуға үміткер ретінде тіркелді. Сайлауда 97,75% дауыс жинады.
Қызметін доғаруы 2019 жылғы 19 наурызда 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президенттік өкілеттігін өз қалауымен өткізетін қаулы қабылдады. Халыққа үндеуінде Назарбаев:
– деп жариялады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша президент өкілеттігі Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі, ол 20 наурызда Қазақстан парламенті қос палатасының біріккен отырысында ант берді. Бұдан кейін Назарбаев елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі және «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазамын сақтап қалды.
Сонымен қатар Тұңғыш президент қоры аясында қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырды. 2019 жылы қор «Ел үміті» және «Қамқорлық» жастарды қолдау жобаларын жүзеге асыра бастады. Біріншісі – өзгерістерді басқару бойынша жас менеджерлерді дайындауға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар әлемнің озық университеттері мен компанияларында білім алуға мүмкіндік алды, сондай-ақ олардың тәлімгері ретінде әрекет ететін үкімет, отандық және халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орната алады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ауруханаларда оңалту орталықтары, мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жылына 5 мыңға жуық балаға тегін кешендік оңалту жүргізеді.
2020 жылғы маусым-шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен ауырды. Коронавирус пандемиясы тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз біргеміз!» ұлттық акциясы бастама алды, оның аясында 2,3 миллион азаматқа көмек көрсетілді: мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медицина қызметкерлеріне еріктілер көмегі беріліп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қашықтан оқытуға компьютер алынды.
2021 жылғы 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілеттегін өткізді. Оны Н.Назарбаев 1995 жылдан басқарған еді, жалпықазақстандық социумға барлық этноәлеуметтік топтарды біріктіруді жалғастыру қажеттігін алға тартты. Назарбаевқа «Ассамблеяның құрметті төрағасы» атағы берілді.
2021 жылғы сәуірде Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Акция барысында Нұрсұлтан Назарбаев және «Дегдар» қайырымдылық қоры тұрмысы нашар, көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған, Ұлы Отоан соғысының ардагері бар отбасыларға көмек көрсетеді. 681 мұқтаж отбасының әрқайсысына салмағы 132 кг тауар берілді.
Елбасы лауазымы және басқа да мәртебелерінен айырылуы 2023 жылғы қаңтарда Назарбаев отставкасынан бері иелеген «құрметті сенатор» лауазымынан айырылған. Келесі күні Парламенттің екі палатасының шешімі бойынша «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» өз күшін мүлдем жоғалтты. Нәтижесінде экс-президент пен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылуды тоқтатты, пәтер мен мемлекеттік саяжай жеке меншікке берілмей, қажетті қызмет көрсетумен, жеке күзетпен, жүргізушілері бар жеке автокөлікпен, ел бойынша тегін жол жүрумен, медициналық қызмет көрсетумен және санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілуі тоқтатылды.
Парламент төрағасы Мәулен Әшімбаев осы өзгерістердің себебін «2022 жылғы конституциялық референдумның нәтижесі, «халықтың шешімі» деп айтып кеткен. Алайда басқа дереккөздер оның себебін 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасын» атаған.
Назарбаевтың бірнеше мәртебесінен айырылуына қарамастан оның бірнеше артықшылықтары да қалған еді, мысалы ол президент кезіндегі істері үшін жауап бермейді, оған мемлекет есебінен қызмет көрсету және күзет беру қарастырылған, және т.б.. 2023 жылғы 1 маусымнан бері Назарбаевты қорғайтын мемлекеттік күзет өз қызметін тоқтатты.
нобай|Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев пен Владимир Путин