Лидия Демьяновна Чернышева (23 мамыр, 1912, Бердянск, Запорожье облысы — 23 қыркүйек, 1975, Ақмешіт) — украиналық хореограф, биші, Қазақ КСР-нің (1957) және КСРО-ның (1967) халық әртісі.
Өмірбаяны 1929 жылы Ленинград хореография училищесін бітіргеннен кейін Харьков қаласындағы музыкалы комедия театрында балет бишісі және хореограф қызметін атқарды. 1936 жылы Черниговтегі тұңғыш ән-би ансамблін ұйымдастыруға ат салысты. 1938 — 1939 жылдары УКСР-дің Мемлекеттік ән-би ансамблінің режиссер-хореографы, 1939 — 1941 жылдары Донецк филармониясы ән-би ансамблінің көркемдік жағын басқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары (1941—1945) Оңтүстік, Закавказье, 1-Украин майданының ән-би ансамбльдеріне басшылық етті. 1955 — 1970 жылдары Қазақ ән-би ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі болып, қазақтың кәсіби хореография өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол қойған «Алатау бөктерінде», «Саяхатта», «Аққу қыздар», «Су тасушы қыз» және тағы басқа вокалдық-хореография композициялары қазақ би өнерінің жетістігіне айналды.
Марапаттары Ленин орденіҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8 Қазақстан халық әртісі КСРО халық әртісі II дәрежелі Отан соғысы ордені Еңбек Қызыл Туы ордені Халықтар Достығы ордені Құрмет Белгісі ордені Қызыл жұлдыз ордені Украинаның еңбек сіңірген әртісі
Дереккөздер
Санат:23 мамырда туғандар Санат:1912 жылы туғандар Санат:Бердянскде туғандар Санат:23 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Симферопольде қайтыс болғандар Санат:КСРО балет әртістері Санат:Украина балет әртістері Санат:XX ғасыр балет әртістері Санат:КСРО балетмейстерлері Санат:Украина балетмейстерлері Санат:Қазақстан балетмейстерлері Санат:XX ғасыр балетмейстерлері Санат:КСРО хореографтары Санат:Украина хореографтары Санат:Қазақстан хореографтары Санат:XX ғасыр хореографтары Санат:КСРО балет педагогтары Санат:Унраина балет педагогтары Санат:Қазақстан балет педагогтары Санат:XX ғасыр балет педагогтары Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:КСРО халық әртістері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Украиндар Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Украинаның еңбек сіңірген әртістері Санат:Әйел-хореографтар