Қараағаш – Шыңғыстау жотасының солтүстік-батысындағы тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Көкбай ауылының батысында 32 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1074 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км шамасында созылған, енді жері 4 км-ге жуық.

Жер бедері Беткейлері тіктеу келген, өзен, сай-жыралармен тілімденген. Тау бөктеріндегі бұлақтардан Қарасу, Қарлыбұлақ өзендері бастау алады. Солтүстігінде Ханшыңғыс жотасы, батысында Пішентай, оңтүстігінде Қызылоба таулары орналасқан.

Геологиялық құрылымы Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, тақтатас, конгломерат, т.б. тау жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Тауалдының қоңыр, бозғылт қоңыр топырағында жусан, бетеге аралас бұталар, терек, қарағаш, т.б. өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары