Кербұғы немесе Теңбіл бұғы () — бұғының Еуропада кездесетін бір түрі. Жапырақты және аралас ормандарда тұрады.

Дене бітімі сымбатты, тұрқы - 150-180 см, шоқтығының биіктігі - 87-112 см, салмағы - 100-130 кг. Түсі қыста қоңыр-сұрғылт, жазда теңбілді жирен. Мүйізі - 65-70 см. Табиғи жағдайда табын-табын болып жүреді. Орманды жерді мекендейді. Жазда шөптесін өсімдіктерді, қыста ағаш-бұта жапырағы мен бұтағын жейді. Екі жасыңда жынысы жетіліп, қыркүйек-қараша айларында күйекке түсіп, 7,5 айдан кейін шілденің ортасына дейін жалқы бұзаулайды. Теңбіл бұғы табиғи жағдайда сирек кездеседі, аулауға тиым салынған. Мүйізін алу үшін қолда өсіріледі. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының марал шаруашылықтарында өсіріледі.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6 Аналығы бір кезде 2 бұлан туады.

Қорегі — бұталар, шөптер, дәндер, жемістер, саңырауқұлақтар.

Дереккөздер

Санат:Бұғылар Санат:Жабайылар Санат:Еуропа сүтқоректілері Санат:Азия сүтқоректілері Санат:1758 жылы зерттелген жануарлар