Ескі Иқан — Түркістан облысы Сауран ауданындағы ауыл, Ескі Иқан ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шорнақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде, Арыс-Түркістан каналының оң жағалауындағы эфемерлі жусаны басым, баялыш, күйреуік өскен сұр қоңыр және шалғынды сұр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1127714294 20885 146,1 7212 10387 144 7082 10498 148,2

Тарихы Іргесі 1963 жылы осы маңда мақта шаруашылығын дамытуға орай 23-партсъезі атындағы кеңшарды құруға байланысты қаланған. Оның негізінде 1997 жылдан Ескі Иқанда мақта шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары және бірнеше өндірістік кооперативтер мен серіктестіктер жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы 2 орта мектеп, кітапхана, клуб, стадион, аурухана, т.б. мекемелер бар. Ескі Иқан арқылы Шымкент-Түркістан автомобиль магистралі өтеді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, III том.

Тағы қараңыз Иқан шайқасы

Дереккөздер

Санат:Сауран ауданы елді мекендері