Сарзо () — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Морбиан департаментінде орналасқан. Ванн округінің құрамына енеді. Алып жатқан жер аумағы 60,23 км² шамасында.
Коммунаның INSEE коды — 56240, пошта индексі — 56370.
Демографиясы 2009 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 7659 адамды құрады. Халық тығыздығы — 127,16 адам/км².
Тұрғындарының жас шамасы және жынысы бойынша құрамы (2006):
Әкімшілік Сарзо мэрі қызметін 2021 жылдан бері Жан-Марк Дюпейрат (Jean-Marc Dupeyrat) атқарып келеді. 2021 жылғы муниципалды сайлауда Сене кантонынан Морбиан департаменті кеңесінің мүшесі,сол кездегі мэр Дэвид Лаппартиен (David Lappartient) бастаған оңшыл блок 1-ші турда 69,67% дауыс жинап,жеңіске жетті. 2021 жылдың 1 шілдесінде Дэвид Лапартиен Морбиан департаменті кеңесінің президенті болып сайланды және Сарзо мэрі қызметінен кетті. Оның орнына бұған дейін вице-мэр қызметін атқарған Жан-Марк Дюпейрат келді.
+Мэрлер тізіміКезеңАты-жөніПартияҚосымша19611965Пьер Ле Соммер19651971Симон Уден19711987Робер ЭбсӘртүрлі оңшылдарАуыл шаруашылығы инженері19871989Луи Ле ФренМұғалім, колледж директоры19892001Ив БорьюӘртүрлі оңшылдарРеферент, департаменттің жалпы кеңесінің мүшесі20012008Анри БенеаӘртүрлі оңшылдарКәсіпорын басшысы, Департамент жалпы кеңесінің мүшесі20082021Дэвид ЛаппартиенХалықтық қозғалыс үшін одақ РеспубликалықтаГеодезист,Департамент кеңесінің мүшесі, 2017 жылдан бастап Халықаралық велосипедшілер одағының президенті2021Жан-Марк Дюпейрат
Тағы қараңыз Морбиан департаментінің коммуналары
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Ресми сайты Францияның ұлттық статистика және экономикалық зерттеулер институты сайтындағы парақшасы «Mapquest» картасында орналасуы
Санат:Морбиан департаментінің коммуналары