Фенакит (грек. Phenakos – алдамшы деп кварцқа ұқсастығынан аталған) — силикаттар класына жататын минерал. Химикалық формуласы: Be2[SіO4], құрамы (%): BeO – 45,5; SіO2 – 54,5, қоспалары: Al, Fe, Mg, Ca, Ge, B, TR, Na2O. Тригондық сингонияда кристалданып, ромбоэдр, призма, ине тәрізді кристалдар түзеді. right|thumb|250px|Фенакит Агрегаттары друза түрінде болады. Көбіне түссіз немесе ақ, кейде қызғылт және сарғыш түсті (жарықта түссізденеді), шыны немесе май тәрізді жылтыр.
Қатт. Моос шкаласы бойынша 7,5 – 8, тығызд. 2,9 – 3,0 г/см3.
Пегматиттерде, гидротермалдық, пневматолиттік түзілімдерде ұшырасады. Фенакиттен бериллий алынады. Фенакиттің мөлдір кристалдары зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады. Қазақстанда Қарағайлы, Ақтас кен орындарының грейзендерінде ұсақ кристалдар түрінде кездесі. Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Санат:Химия Санат:Минералдар