Мөңке өзені – Қорағаты өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны Жамбыл облысының Т. Рысқұлов ауданы аумағымен ағып өтеді.

Бастауы Бастауын Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен алып, солтүстікке қарай ағады да, Қорағаты өзенінің оң жағынан құяды. Жоғарғы бөлігі Қарақыстақ өзені деп аталады.

Гидрологиясы Ұзындығы 82 км. Қар, жауын-шашын суымен толығады. Мөңке суы аудан шаруашылықтарының егісін суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, VI-том

Дереккөздер

Санат:Тұрар Рысқұлов ауданы өзендері Санат:Шу су алабы