Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен [9(20).9.1778, Эстония, Эзель аралы (қазіргі Сааремаа аралы) — 13(25). 1.1852, Кронштадт (Ресей)] — орыс теңіз саяхатшысы, адмирал (1843). Кронштадтағы Теңіз Кадет корпусында оқыды.

1803 — 06 ж. 1-орыс саяхатына қатысты. 1807 — 18 ж. Балтық және Қара теңіздерде әр түрлі кемелердің командирі болды. 1819 ж. Беллинсгаузен басқарған экспедиция Атлант мұхитының антарктикалық бөлігінен бірнеше аралдарды, 1820 ж. 16(28) қаңтарда 69021' о. е. және 2014' б. б. нүктесінде Антарктиданы, 1821 ж. Петр І-нің есімімен аталған аралды, Александр І-нің есімімен аталған жағаны, Тынық мұхиттың тропикалық бөлігіндегі бірқатар аралдарды ашты. 1821 ж. 24 шілдеде (5 тамыз) экспедиция Кронштадқа оралды. 1828 — 29 ж. түрік-орыс соғысына қатысты. 1839 жылдан Кронштадтың әскери генерал-губернаторы болды.

Тынық мұхиттағы теңіз, Оңтүстік Сахалиндегі мүйіс және Туамоту топаралындағы арал Беллинсгаузеннің есімімен аталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Ресей саяхатшылары Санат:1778 жылы туғандар Санат:1852 жылы қайтыс болғандар