Алдына ала кернелген құралымдар — жеке бөліктеріне кернеу алдына ала (дайындау не құрастыру кезінде) тиімді бөлініп түсірілген құрылыс құралымдары. Материалға (құйматасқа, арматураға) алдын ала кернеу түсіру процесі қазіргі заманғы құрылыстың әр түрлі темір-құйматас құралымдары мен бұйымдарында, сондай-ақ металл құралымдарында кеңінен қолданылады. Әдетте темір-құйматасты Алдына ала кернелген құралымдарда құйматас сығылады да, арматура созылады. Мұның нәтижесінде арматуралық болаттар үнемделіп (70%-ке дейін), құралымның беріктілігі т.б. артады. Темір-құйматасты Алдына ала кернелген құралымдарды үйлер мен инженерлік құрылыстарда (мыс., көпірлерде) пайдалану тиімді. Ал металдық Алдына ала кернелген құралымдар көпір құрылысында, кран балкаларында, мұнараларда, электр жеткізу желілерінің тіректерінде т.б. қолданылады. Дереккөздер Қазақ энциклопедиясы
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Алдына ала кернелген құралымдар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.