Қожа Мұстафа Рәшіт паша (; 13 наурыз 1800 жыл — 7 қаңтар 1858 жыл) — османлының мемлекет қайраткері және мәмілегері.
Өмірбаяны Париж бен Лондонда елшілік қызмет атқара жүріп, Еуропа өркениетінің жақтаушысына айналды. 1837-1845 жылдары бірнеше рет Сыртқы істер уәзірі міндетін атқарып, 1846–1858 жылдары алты мәрте садрағзам болды. Қожа Мұстафа Рәшіт паша елде сұлтан билігін сақтай отырып, қаржы, оқу-ағарту және т.б. салаларда жаңартулар жүргізуге, Еуропа мемлекеттерінің мемлекеттік құрылым сипаттарын жүзеге асыруға тырысты. Қожа Мұстафа Рәшіт паша Ұлы Османлы Мемлекетінде жаңартулардың жаңа кезеңі — Танзиматтың негізін қалаған 1839 жылы сұлтан жарлығының авторы болды. Қожа Мұстафа Рәшіт паша осы жаңартуларды жүзеге асыру арқылы Ұлы Османлы Мемлекетін еуропалық елдермен теңестіруге тырысты. Қожа Мұстафа Рәшіт пашаның қызметі кейбір діни лауазым иелері мен жоғары шенді шенеуніктердің тарапынан табанды қарсылыққа ұшырады. Сол себептен ол жоғарғы қызметтерден бірнеше рет алынып, қудалауға ұшырадыҚазақ энциклопедиасы, 6 том.
Дереккөздер
Сілтемелер Ұлы Османлы Мемлекеті I Әбділмәжит Тарихы мұражайға бай қала — Эдирне
Санат:13 наурызда туғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:17 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:Ыстанбұлда қайтыс болғандар Санат:Османлы империясының садрағзамдары Санат:Османлы империясы ұлы уәзірлері Санат:Османлы империясы сыртқы істер министрлері