Бүйен, Биен – Қаратал алабындағы өзен.

Географиялық орны Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандары жерінде.

Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан басталып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып өтеді де, жазыққа шыға ағысы баяулайды.

Гидрологиясы Ұзындығы 120 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Бастауында ені 150-170 м тар шатқалмен ағады, Қызылту ауылынан төменірек жерде өзен аңғары 500 — 600 м-ге дейін кеңейеді. Жылдық орташа су ағыны 4,05 м3/с (Сағабиен ауылы тұсында). Суы тұщы (150 — 200 мг/л). Жазықта өзен арнасынан тартылған 12 каналмен егістік, бау-бақша жерлері суарылады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Ақсу ауданы өзендері Санат:Сарқан ауданы өзендері Санат:Қаратал су алабы