Шахрух (21.07.1377, Самарқан — 13.03.1447, Рей) — Әмір Темірдің кіші баласы және мирасқоры, Хорасанның билеушісі (1396 — 1447).
Әкесі қайтыс болғаннан кейін бірнеше жылға созылған Темір әулеті арасындағы тақ үшін өзара күрес нәтижесінде 1409 жылы Шахрух бұрын Әмір Темірдің қарамағында болған аумақтардың барлығын қол астына біріктірді. Оның тұсында экономикалық қатынастар одан әрі дамып, жер иеленушілік кеңейе түсті (әсіресе сойырғал). Шахрух Әмір Темір құрған мемлекет аумағының біртұтастығын сақтап қалуға тырысты. Бірақ мемлекет іс жүзінде екіге бөлінген еді (Мауераннахр мен Хорасан) Шахрух мемлекеттің негізгі астанасын Самарқандтан Герат қаласына ауыстырды. Ол қайтыс болғаннан кейін орнына Ұлықбек таққа отырды. Бірақ оны көп ұзамай бәсекелестері өлтірді де, Шахрухтың басқа мұрагерлері арасында билік үшін кескілескен күрес басталды. Осыдан кейін көп ұзамай Әмір Темір құрған мемлекет ыдырап кеттіҚазақ Энциклопедиясы, 9 том.
Дереккөздер
Санат:21 шілдеде туғандар Санат:1377 жылы туғандар Санат:Самарқанда туғандар Санат:13 наурызда қайтыс болғандар Санат:1447 жылы қайтыс болғандар Санат:Рейде қайтыс болғандар Санат:Темір әулеті Санат:Орта Азия билеушілері Санат:Иран билеушілері Санат:Герат тұлғалары Санат:Самарқанда жерленгендер