Талдықорған жоғары аграрлық технологиялық колледжі (әр жылдардағы атаулары Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжі, Талдықорған агротехникалық колледжі) Талдықорғанда орналасқан кәсіптік білім беретін оқу орны. Тарихы 125px|нобай|оңға|Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжінің 2012-13 ж-дардағы эмблемасы Талдықорған жоғары аграрлық технологиялық колледжі мемлекеттік қазыналық білім кәсіпорны 1943 жылы Алматы облысы совхоздары тресінің Ленин атындағы совхозаралық мал шаруашылығы мектебі негізінде құрылған. Колледж өзінің тарихында 30 мыңнан астам орта буынды мамандарын дайындап шығарды. Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде, күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша жүргізіледі.

Дайындайтын мамандықтары Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын "Талдықорған жоғары аграрлық технологиялық колледжі" Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиясына сәйкес төмендегі мамандықтар бойынша мамандар даярлайды: Ветеринария; Экология және табиғатты қорғау қызметі; Есеп және аудит; Экономика, Қаржы(сала бойынша) ; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық жабдықтау(жабылған); Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша) (жабылған); Мех және қой терісі өнімдерін өңдеу технологиясы; Сүт өнімдері өндірісі; Ет және ет өнімдері өндірісі; Нан пісіру ,макарон және кондитер өндірісі Дереккөздер

"Ел-назар" республикалық журналы, №05(08) мамыр 2012 жыл,Шакуал Ермұханбетұлы:"Болашағы бағдарлы келешегі кемел оқу орны", 48-бет.

Санат: Талдықорған колледждері Санат:Қазақстан колледждері

Сыртқы сілтемелер https://agroteh.edu.kz/ Колледж сайты.