Фунт ( — салмақ) — салмақтың көп тараған байырғы өлшемдерінің бірі. right|thumb|Салмақ бірліктері кестесі елдер бойынша, 1848 ж. Ол өлшеуіштердің ағылшындық жүйесін пайдаланатын елдерде қазіргі кезде де кездеседі. Ф-тың сауда-саттық, айырбас жұмыстарында жиі қолданылған төмендегідей түрлері болған: орыстың сауда Ф-ы 409,5 г-ға, дәріханалық Ф. 307,3 г-ға, ағылшынның сауда Ф-ы 453,6 г-ға, монеталық Ф. 373,2 г-ға тең. Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Санат:Өлшем бірліктері